Intel мен ASUS компаниялары «1-де 2» құрылғысының мүмкіндіктерін көрсетті

Бүгін Алматы қаласында INTEL корпорациясы мен ASUS компаниясы планшет ұтқырлығы мен ноутбук мүмкіндіктерін қоса қамтыған Intel шешімдері негізіндегі жаңашыл 1-де 2 құрылғысының тұсаукесерін өткізді.

Intel® Atom™ төрт ядролы процессор негізіндегі ASUS Transformer Book T100 әмбебап құрылғысында планшеттің көркемділігі және ыңғайлылығымен бірге ноутбук қуаттылығы мен өнімділігі қоса қамтылған. Оның алынбалы 10-дюймдық HD-дисплейі Windows 8.1 басқаруындағы дербес планшет ретінде бөлек қолданыла береді.

Ең бастысы – ішінде

1-де 2 жаңа құрылғысының электр қуатын тамаша үнемдеуі мен жоғарғы өнімділігін Intel Atom Z3740 төрт ядролы процессоры қамтамасыз етеді (кодтық атауы Bay Trail-T). Bay Trail процессорлары – Intel корпорациясының ДК арналған алғашқы көп ядролы бір кристалды жүйелері болып отыр, қазіргі уақытта олардың өнімділік көрсеткіштері аса жоғары және планшеттер мен өзге де жіңішке ұтқыр құрылғыларға арналады. Intel процессоры Transformer Book T100 дербес жұмысының ұзақтығын 11 сағатқа дейін қамтамасыз етеді.

Александр Хоменко, Intel корпоративтік технологиялар жөніндегі маманы: «Bay Trail процессорлары – бұл 1-де 2 пішіміндегі қолжетімді әрі ыңғайлы құрылғылардың негізі. Intel ғажап өнімділікті, құрылғының батареядан ұзақ уақыт жұмыс істеуін және қазіргі қолданушылардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын функционалды мүмкіндіктердің кең жиынтығын қамтамасыз ететін кристалды мықты жүйені ойлап шығарды».

ASUS компаниясының 1-де 2 құрылғысының иелері кез келген қосымшаларды пайдалана алады: әуен тыңдап, бейне көреді, ойын ойнап, тиімді жұмыс істей алады. Қосымшалармен әрекеттесу үшін эргономикалық пернетақта, Windows 8.1 ишараттарын қолдайтын мультисенсорлы тачпад және түс пен ауқымды көру өрістерін (178°) керемет беретін мультисенсорлы IPS-дисплей бар.

Амантай Алтанұлы, ASUS TeK компаниясының техникалық маманы: «ASUS Transformer Book T100 – өте ұтқыр компьютер: оның салмағы ноутбук тәртібінде 1 кг асса, планшеттік құраманың салмағы бар болғаны 550 грамды құрайды. Үйлесуіне байланысты планшет 32 немесе 64 Гб кіріккен флеш жадымен және micro SD жад карталарына арналған слотпен жабдықталған, ал док-станцияда сыйымдылығы 500 Гб дейінгі қатты дискіні орналастыруға болады. Қазақстандық тұтынушылар біздің нарықта қолайлы бағамен иеленуге болатын 1-де 2 жаңа құрылғысының құндылығын бағалай алады».

ASUS Transformer Book T100 әмбебап құрылғысын «Alser» және «Sulpak» бөлшек сауда желілерінен 99 990 теңгеге дейінгі бағада сатып алуға болады.

Құрылғының мүмкіндіктерін танымал блогшы, ұтқыр технологиялар жөніндегі сарапшы Иван Глущенко бағалады, ол жаңа құрылғының өнімділігі мен дербес жұмыс уақытының ұзақтығын атап өтті. Қазақстандық суретші Серік Бүксиков іс-шара барысында заманауи қолданушылардың бейнелері келтірілген суреттер топтамасын ұсынды. Серік планшеттің сандық мүмкіндіктері мен дәстүрлі сурет өнері техникасын біріктіре отырып, 1-де 2 құрылғысын шығармашылыққа пайдаланудың ыңғайлылығын көрсетті. 

Intel


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24