Еуразиялық банк Monitise Create-мен бірігіп ұялы байланыс қосымшасын іске қосады

Еуразиялық банк Monitise PLC ұялы байланыс төлемдері саласындағы өнімдердің жетекші жаһандық әзірлеушісі Mobile Money жобалаған және жасаған ұялы байланыс банкингінің дербес қосымшаларын іске қосқаны туралы хабарлады. Бұл өзінің тегі жағынан өңірдегі бірінші әмбебап банктік қосымша, IOS (iPhone және IPad), Android және Windows Phone операциялық жүйелері үшін қолжетімді. Ұялы байланыс банкингінің қызметтерін Еуразиялық банктің осы жылы саны миллионнан асып кететін клиенттері пайдалану мүмкіндігін иеленеді.

Еуразиялық банк Monitise Create-ге Қазақстанның банктік қызметтері саласында үздік алдыңғы қатарлы шешімді енгізуді — ұялы байланыс қосымшасын жобалау, жасау және іске қосу мақсатымен жүгінген. Қосымша орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Енді осы қосымшаның көмегімен Еуразиялық банктің клиенттері транзакциялардың тарихына қолжетімділік, өзінің шоттарының арасында аударымдар жүргізу, қызметтердің ақысын төлеу, кредит алуға өтінім беру, операцияларды оқшаулау, сондай-ақ таяудағы банкоматтарды, филиалдарды және бөлімшелерді табуға мүмкіндік алады.

«Жаңа ұялы байланыс қосымшасын іске қосу біздің бөлшек бизнестің тұрақтылығын және Қазақстандағы банктік секторда банктің жаңа технологияларының әлемдік класын енгізуге ұмтылысын көрсетеді», — деп әңгімелейді «Еуразиялық банк» АҚ Басқармасының төрағасы Майкл Эгглтон. «Болашақ банктік қызметтер – ұялы байланыс технологияларында. Қосымшаны іске қосу – Банк қызметтерін клиенттердің жаңа күтулері мен қажеттіліктеріне сәйкес қайта құруға бағытталған қадамдардың бірі».

Monitise Create бас директоры Алистер Крэйн келесідей түсініктеме жасады: «Біздің міндетіміз – клиенттерге алдыңғы қатарлы ұялы байланыс технологияларын ұсыну. Еуразиялық банкпен ынтымақтаса отырып, нарықтағы ұялы байланыс банкингінің қосымшасының үздігін жасауда, біз шын мәнінде өзгермелі ойын ережесін және нарықта мүлдем жаңа мүмкіндіктер, тәсілдер мен сапа ұсынуда өзіміздің мол тәжірибемізді қолдануға тырыстық». 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24