Ақмолалық «Жастар кадрлық резерві» Қазақтелекомда іздестірілді

«Жас Отан» Жастар Қанатының Ақмола облыстық филиалы а.ж. 10 маусымында «Қазақтелеком» АҚ аймақтық филиалында жас мамандар үшін «Жастар кадрлық резерві» жобасының презентациясы өтті.

Жоба туралы «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Ғайса айта кетті. Сонымен қатар, алдыңғы жылдардағы қатысушылар туралы айтып, қазіргі таңдағы жетістіктерін мысал келтірді. Жоба ұлттық компанияның жас мамандарын қызықтырды, кездесу барысында көптеген сұрақтар қойылды.

Персоналды басқару бөлімінің жетекшісі Дәурен Нұров: «компания ішінде өзіндік жастар кадрлық ортақтастығы бар, сіздің жоба мен компания жобасының айырмашылығы қандай?» мынадай сұрақ қойды. «Біріншіден, жоба аймақтық емес республикалық деңгейде өтеді, екіншіден, іріктеу барысында үміткерлер жеке жобасын дайындап, қорғаумен қатар, бағы жанса, оқу модулінен өтеді», — деген жауап алды.

«Жастар кадрлық резерві» жобасы республикалық негіз болып табылатын мамандықтардың санын арттыруға, еңбек жолындағы жетістіктері мен кәсіптік деңгейін арттыруға мүмкіндік жасауға бағытталған.

Жоба мақсаты – заманауи және тиімді басқарушылар шоғырын қалыптастыру. Жоба жасы 25 пен 35 аралығындағы, жұмыс тәжірибесі бар, оқып-үйренуге бейім, сараптамалық ақыл қабілеті және айқын көрінетін көшбасшылық сипатқа ие жастарға арналған. Бұл жобаның ерекшелігі ауылда тұратын жастарға қызмет жолын сәтті бастауына жол ашып, үздік кадр дайындап шығаруға мүмкіндік жасау.

Компанияның жас мамандары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу модулінің өтуі қызықтырып, жобаға қатысуға ынта білдірді. Сонымен қатар, «Жас Отан» Жастар Қанатының басқа жобалары туралы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшы м.а. С. Қ. Үсен айта кетті. Осы жылы жобаға қатысамын деушілерге 26 мамыр мен 26 маусым аралығында rezerv.kz сайтына тіркеліп, сайт арқылы жобаның толығырақ талаптарымен танысуға мүмкіндік бар. Тіркелу аяқталғаннан кейін конкурстық іріктеу өткізіліп, жобаның келесі кезеңіне өткендер белгілі болады.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24