ASUS Компаниясы Қазақстан аумағында Intel® шешімі негізіндегі ASUS ZenFone смартфонын ресми түрде ұсынды

18 қараша күні Алматы қаласында ASUS ZenFone жаңа смартфондар желісін Қазақстан нарығына енгізуге байланысты іс-шаралар өткізілді. Экран өлшемі 4,5 — 6 дюйм аралығында болатын ASUS ZenFone 4, ASUS ZenFone 5 және ASUS ZenFone 6 үлгілері салтанатты түрде ұсынылды.

Жоғары өндірімді процессор

Intel® Atom™ жаңа процессоры бар смартфон — бұл жүйенің жедел жауабы, қосымшаның жылдам жұмысы, заманауи ойындарға демеу және веб-парақтарды тезарада шолып өту. Сонымен қатар, жаңа заман технологиялары мен қуат шығындалудың оңталайландырылуы арқасында автономды түрде узақ уақыт қолданылады.

ZenFone 4 – кербездік пен атқарылымдықтың үйлесімі

4,5 дюймдік ZenFone 4 үлгісі Intel® Hyper-Threading технологиясы бар Intel® Atom™ Z2520 жоғары өндірімді процессорымен жабдықталған, соның арқасында барлық қосымшалары тұтынушының әрбір әрекетіне жедел жауап жібереді.

Кіріктірілген қос камера, кербез дизайн, жеңіл салмақты және корпусының бес түрлі тартымды түстері – мұның барлығы ZenFone 4 смартфонын белсенді және ұтқырлы өмір салтын ұстанатын адамдардың тамаша таңдауы болуға лайық етеді.

ZenFone 4 бес түрлі түспен шығарылған: қара, ақ, қызыл, көк және сары.

ZenFone 5 – шағын корпустағы үлкен HD-дисплей

Корпустың шағын болғанына қарамастан (бір қырының қалыңдығы тек 5,5 мм ғана) ZenFone 5 үлгісі 1280х720 пиксельдік ажыратылымы бар HD форматтағы 5 дюймдік IPS-дисплейімен мақтана алады. GloveTouch эксклюзивтік технологиясы жаңа смартфонның сезімталдығын арттырып, қолғапты шешпей-ақ құралды қолдануға мүмкіндік береді.

ZenFone 5 жоғары өндірімін 1,6 ГГц жиілігі мен 2Гб оперативтік жадыға ие Intel Atom Z2560 процессоры қамтамасыз етеді, түсірілген сүреттердің озық сапасына үлкен диафрагмасы (F/2,0), артқы жарықтандыруы және бейнені тұрақтандыру қызметі бар 8 мегапиксельдік негізгі камера жауап береді. Осы камерада орнатылған PixelMaster технологиясы жарыққа сезімталдығын 400% арттыру мақсатында кескінбергіштің пиксельдер өлшемін өзгертіп отырады, бұл өз тарапынан төмен жарықтанған жерде жарқыл қолданбастан сапалы сүрет түсіруді мүмкін етеді. Сонымен бірге, ZenFone 5 алғы бетінде 2 мегапиксельді камерасын ұсынады, оның көмегімен төлсымбатты оңай түсіруге және бейнебайланысқа шығуға болады.

ZenFone 5 төрт түрлі түспен шығарылған: қара, ақ, қызыл және алтын.

ZenFone 6 – жұмысқа және ойын-сауыққа арналған жоғары сапалы 6 дюймдік HD-дисплей

ZenFone 6 ең негізгі ерекшелігі — оның 6 дюймдік дисплейі, онда ZenFone 5 дисплейі сияқты GloveTouch технологиясы (қолғап арқылы қолдану) орнатылған. Осы үлгінің жоғары өнімділігі үшін 2ГГц жиілікті, 2Гб оперативтік жадысы бар Intel Atom Z2580 процессоры жауап береді.

ZenFone 6 үлгісінің кино көргенде және ұтқыр ойындарда анық айқындалатын мультимедиялық мүмкіндіктерін ASUS SonicMaster аудиотехнологиясы жүзеге асырады, оның көмегімен құлаққап киген кезде кеңістікті дыбыс әсері сезіледі.

ZenFone 6 екі камера ұсынады: 13 мегапиксельдік негізгі (PixelMaster технологиясы бар) және алғы беттегі 2 мегапиксельдік камера. Бұл үлгі ZenFone 5 сияқты жоғарыдағыдай төрт түсте шығарылған.

ASUS ZenFone бағасы:

  • ASUS ZenFone 4 (A450CG), 25990 теңгеден сатылады.
  • ASUS ZenFone 5 (A501CG), бағасы 44990 теңге.
  • ASUS ZenFone 6 (A600CG), бағасы 72990 теңге.

ASUS ZenFone қол жетімділігі

ASUS ZenFone смарфондарына 12 қарашадан бастап серіктестеріміздің сайттары арқылы алдын ала тапсырыс беруге болады. 18 қарашадан бастап ASUS ZenFone смартфондары «Белый Ветер», «Фора», «Мечта» жеке дүкендерінде және ASUS фирмалық дүкенінде сатылымға шығарылады.

Intel


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24