Beeline Қазақстан «Майдандасқа қоңырау соғу» мүмкіндігін береді

Beeline Қазақстан дәстүрлі «Майдандасқа қоңырау соқ» науқанының басталғанын хабарлайды. Ол 2015 жылғы 7 мамыр мен 7 маусым аралығында Қазақстанның барлық облыстарында өтеді және ол Жеңіс күні мерекесіне арналған.

Ай бойы Beeline-ның Ашық сату және қызмет көрсету кеңселерінде, сондай-ақ еліміздің облыс орталықтарындағы қалалық Ардагерлер кеңесінде компанияның мобильді сөйлесу пункттері ашылады, сол жерде ҰОС ардагерлері мен тылдағы еңбеккерлер әлемнің кез-келген нүктесіне қоңырау соға алады.

«Майдандасқа қоңырау соқ» науқаны – дәстүрлі түрде жыл сайын Beeline Қазақстан компаниясы өткізетін жоба. Қатарынан сегіз жыл бойы біз, ардагерлерімізге басқа қалалар мен құрлықтардағы туыстары мен майдандас достарының дауыстарын естіп, өткен шақтарын естеріне алу мүмкіндігін сыйлауға тырысып келеміз. Жеңістің 70 жылдығына үлесімізді қосу біз үшін үлкен мәртебе және «Майдандасқа қоңырау соқ» науқаны — бұл жеңіс мерейтойы жылында компания өткізген науқандардың бірі», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь өз пікірін білдірді.

Beeline Қазақстан 2013 жылы ҰОС ардагерлерін қолдау мақсатында 4145 қайырымдылық нөмірін ашқанын естеріңізге саламыз. Осы нөмірге SMS жолдау арқылы жиналған барлық қаражат ардагерлерге арнайы көмек көрсетуге бағытталады. Жоба туралы толығырақ www. sovetveteranov.kz сайтынан білуге болады. Одан бөлек, Beeline Қазақстан қатарынан 6 жыл бойы Панфилов дивизиясына қатысқан ардагерлерге, өткен жылдан бастап «ҰОС ардагерлері, тылдағы еңбеккерлер және соғыс балалары кеңесі» ҚҚ-ның жетекшілері мен еріктілеріне тегін ұялы байланыс ұсынып келеді. Осы жылы Beeline Қазақстан «Өмір жолы» жобасының серіктесі болды, жобаның аясында ҰОС-ның барлық ардагерлері жедел көмек алуға қажетті арнайы дабыл батырмасы мен тегін қоңырау соғу мүмкіндігі бар телефондармен қамтамасыз етілді. 2015 жылы мамырда компания Ұлы Отан Соғысына қатысқан қазақстандық ардагерлерді қолдауға және жәрдем беруге бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24