Beeline Қазақстан ардагерлерге тегін байланыс ұсынады

Beeline Қазақстан Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық ардагерлерді жеңілдікті ұялы байланыспен қамтамасыз ететін әлеуметтік науқанның басталғанын жариялайды. Науқан 2015 жылы 9 мамырда басталып, шексіз әрекет етеді.

«Ардагер» қызметі ҰОС-ның барлық қатысушыларына Қазақстанның барлық жерімен әр ай сайын 300 минут тегін сөйлесуге мүмкіндік береді. Ардагерлер өз туыстарының, жақындарының, достарының Beeline нөмірлеріне және басқа операторлардың нөмірлері мен қалалық нөмірлеріне қоңырау соға алады.

«Қатерлі соғыс күндері мен келмеске кеткен достары туралы еске алу бір жағынан үлкен бақыт болса, екінші жағынан өз балаларының, немерелерінің, шөберелерінің жарқын келешегі үшін өз кеудесін оққа тосқаны үлкен мақтаныш – міне ардагерлеріміздің тағдырында соғыстың салған таңбасы. Біз зор ілтипатпен оларға тегін Beeline байланысын ұсынамыз, ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз, ардагерлерімізге зор денсаулық пен мол жақсылық тілейміз!», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Атқарушы директоры Тарас Пархоменко арнайы қызметтің ашылғаны туралы өз пікірін білдірді.

«Өмір жолы» республикалық қайырымдылық жобасының аясында Қазақстанда тұратын ҰОС ардагерлері сыйлыққа дабыл батырмасы бар арнайы мобильді құрылғы мен Beline sim-картасын алғанын естеріңізге саламыз. «Ардагер» қызметі осы жобаның аясында берілген барлық телефондарға автоматты түрде қосылды және ол жақын жердегі Beeline-ның сату және қызмет көрсету кеңсесіне жеке куәлігі мен ҰОС ардагері куәлігін алып келген кез келген ардагерге қосылады.
 
Егер Ұлы Отан соғысының ардагері Beeline-ның Сату және қызмет көрсету кеңсесіне өздігінен келе алмаса, оның орнына нотариалды бекітілген сенім хаты мен ҰОС ардагерінің жеке куәлігінің және ҰОС ардагері куәлігінің, сенімді тұлғаның жеке куәлігінің көшірмелерін алып, оның өкілі келе алады.

«Ардагер» қызметін «7 Промо +» тарифтік жоспарында қосуға болады. «Ардагер» қызметі бар осы тарифтік жоспарға ауысқаныңыз үшін төлем ұсталмайды.  


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24