Beeline Қазақстан клиенттер санын, табысын және мәліметтерді жолдау түсімін арттырды

2015 жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша компания бизнестің тиімділігі мен абоненттік базаның өскенін көрсетті. Интернет-трафик екі есе артып, клиенттің орташа шотының құны төмендеді.

Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменконың айтуы бойынша: «2015 жылғы бірінші тоқсанды Билайн желісіндегі Интернет-қолданудың өскен кезеңі деп атауға болады. Қазақстан әлемдік трендпен қадам басуда, мұнда дәстүрлі дауыстық қызметтерді мобильді интернет алмастыруда. Біз клиенттерімізге баға мен сапа тамаша үйлескен өнімдерді, сондай-ақ бонус ретінде тегін сайттар мен қызметтердің көптеген жиынтығын қуана ұсынамыз. Интернеттегі көшбасшылық пен операциондық тиімділік – компанияның басты стратегиялық басымдықтары».

Негізгі көрсеткіштер

Өткен жылмен салыстырғанда EBITDA көрсеткіші 4,4%-ға өсіп, 14 980 млн. теңгені құрады. Бизнестің табыстылығы артуда. Шоғырландырылған EBITDA маржасы 1,7 пайыздық пунктке өсіп, 49,5% көрсеткішке жетті. Жалпы табыс 30 284 млн. теңгені құрады. Клиенттік база өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артты.

Нарықтық трендпен қадам баса отырып, мобильді сегменттегі түсім 1,6%-ға төмендесе, мәліметтерді мобильді жолдау түсімі 38,2%-ға артты. Бұл мобильді интернеттің жоғары қарқынмен дамып келе жатқанының дәлелі. 2014 жылғы наурызда Beeline клиенттерінің 20%-дан астамы ғана смартфон пайдаланатын еді, 2015 жылы Beeline-ның жалпы базасындағы смартфон пайдаланушылар саны 14 пайыздық пунктке өсіп, шамамен 3 миллион адамды құрады.

Beeline өнімдері интернетті, ең танымал сайттарға тегін кіру мүмкіндігі мен месенджерлерді және әлеуметтік желілерді қолдануды молынан ұсынады. Бір жылда интернет-трафик 82%-ға жоғарылады. Орта есеппен Beeline клиенттері айына 401 мегабайт жүктейді, бұл сан 2014 жылы 221 мегабайтты құраған.

Абоненттердің орташа шотының құны 2014 жылмен салыстырғанда 7,9%-ға төмендеді. Клиентіміздің орташа шоты айына 898 теңгені құрайды.

Өнімдер мен қызметтер

2015 жылы бірінші тоқсанда ең көп сатылған «Бәрі қосылған» өнімі болды. Бір топтамаға сапалы түрде жинақталған тамаша ұсыныстардың жиынтығы есебінен, ол танымалдылыққа ие болды. Оның құрамына Beeline желісі ішінде шексіз сөйлесу, басқа операторларға қоңырау соғуға арналған маңызды мүмкіндіктер, жойылмайтын трафик, әлеуметтік желілерге тегін қосылу және ыңғайлы төлем жолы кіреді.

2015 жылы наурызда Қазақстанда алғаш рет фирмалық брендті «Beeline Smart» смартфоны «Азбука связи» салондарында ашық сатылымға шықты, құны 13 990 теңге. Өнімнің бірегейлігі заманауи ұшқыр 3G смартфонның интернетте және сөйлесуде үнемі байланыста болуға мүмкіндік беретін, арнайы әзірленген ұсыныспен бір жиынтықта болуында.

Әдеттегідей халықаралық роуминг ұсыныстары жаңартылды. Роумингтегі негізгі кедергі мобильді роуминг екенін ескере отырып, компания ТМД және Грузия елдеріндегі интернеттің құнын 10 есе төмендетті. Енді, поштаны алу, WhatsApp-та хабарлама жолдау немесе әлеуметтік желілердегі мәртебеңді тексеруге кеткен 10 мегабайт үшін небары 250 теңге төлеу қажет болады. Қызмет келесі елдерде әрекет етеді: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина

Сымды интернет

Интернеттің жоғары жылдамдығы мен тиімді тарифтер сымды интернеттегі табыстың әдеттегідей өсуін қамтамасыз етті. 2015 жылы бірінші тоқсанда «Үйдегі Интернет» қызметі табысының өсімі 2014 жылғы наурыздың соңымен салыстырғанда 10%-ға артып, 383 мыңға дейін жоғарылады.

«Үйдегі Интернет» «Дархан көктем» науқанын жүзеге асырды. Қызмет 50, 70 және 100 Мбит/сек-ке дейінгі үдемелігі бар ұшқыр интернеттің арнайы бағалық ұсыныстарын қосты және Dr.Web SecuritySpace арқылы екі дербес компьютер мен екі мобильді құрылғының вирусқа қарсы қорғанысына жылдық лицензияны қолданушыларға сыйға тартты.

Әлеуметтік үлес

Beeline Қазақстан «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық қайырымдылық жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. 2015 жылы жобаның алғашқы нысаны Алматы қаласындағы «Кеңес» кешенді сауықтыру орталығы болды. «Кеңес» кешенді сауықтыру орталығында балалар дүниеге келгеннен бастап, 18 жасқа дейін айрықша білім қажеттіліктерімен – дамудың қозғалу, сөйлеу, ойлау, психикалық ауытқуларын қалпына келтірумен айналысады.

«Шексіз мүмкіндіктер» республикалық қайырымдылық жобасы 2014 жылы басталды, оның бағдарламасы бойынша Павлодар, Алматы, Шымкент және Петропавл қалаларындағы әлеуметтік мекемелер ұшқыр интернетке қосылды. Шамамен 2000 бала ұшқыр интернетке қол жеткізді, олардың арасында көзі нашар көріп, құлағы мүкіс еститін, тіректік-қозғалыс аппараттары ауыратын балалар да бар. 2015 жылдың соңына дейін бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік мәртебесі бар тағы 12 мекеме қосылады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, компания «Өмір Жолы» Қоғамдық Қоры «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның қолдауымен, ҚР Ардагерлер кеңесімен және «Еуразиялық медиа-форум» халықаралық қорымен бірлесе өткізген, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кең көлемді науқанның серіктесі болды. Жоба Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін кіріктірілген шұғыл шақыру батырмасы бар арнайы ұялы телефондармен жабдықтауға бағытталды. Жобаның аясында еліміздің барлық жерінде шұғыл көмек жүйесіне 5000-астам ҰОС ардагері қосылды. Beeline Қазақстан, теңгерімде қаржат жоқ болса да, «шұғыл шақырту батырмасын» қолдануға мүмкіндік беретін, арнайы жеңілдетілген тарифтік жоспарға қосылған сим-карталардың қажетті көлемімен қамтамасыз етті. Телефондарды жеткізіп беруге жәрдем беруді компания өз мойыныныа алды: еліміздің барлық жерлеріндегі компания қызметкерлері еріктілер ретінде жобаға белсене қатысты. Жеңіс күні қарсаңында компания ардагерлерге кезекті сыйлығын жасап, шексіз уақытқа, кез-келген бағытқа ай сайын 300 минут қоңырау соғу мүмкіндігін тарту етті.

Дәстүрлі түрде Beeline Қазақстан «Жер Сағаты» халықаралық науқанының серіктесі болды. Жобаны қолдауға арналған флешмоб 28 наурызда Қазақстанның барлық қалаларында өтті. «Жер Сағаты» — халықаралық науқан, оның аясында Дүниежүзілік тұмса табиғат қоры (WWF) өз жақтастарын, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қажеттілігінің белгісі ретінде, бір сағатқа жарықты және тұрмыстық электр асапаптарын сөндіруге шақырады. Осы уақытта әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескертікшердің жарығы сөндіріледі.

Компания экология және «жасыл» технологияны қолдану мәселелеріне жоғары мән беретіндіктен, «Жер сағатын» қолдау Beeline Қазақстан үшін дәстүр болып қалыптасты. Құрамына Beeline Қазақстан кіретін «VimpelCom Ltd»» халықаралық телекоммуникациялық операторы өзінің технологиялық шешімдерінде, сатып алынатын жабдықтардың экологиялық сипаттамасына басты назар аудара отырып, «жасыл» технологияны белсенді қолданады. Компания өз кеңселерінің және техникалық орталықтарының энергоұтымдылығын арттырып, ішкі және сыртқы экологиялық бастамаларға қолдау көрсетеді және іске асырады. 2015 жылы Beeline Қазақстанда электронды құжат айналымы жүйесі енгізілді, ол қызметкерлер арасындағы өзара байланыстың тиімділігін арттырып қана қоймай, қағаз тұтынуды айтарлықтай азайтады. 2013 жылы Beeline Қазақстан күн батареяларымен жұмыс істейтін базалық стансаларды орнатқан Қазақстандағы алғашқы телекоммуникациялық оператор болды.

Beeline Қазақстан қызметінің негізгі көрсеткіштері

BEELINE Қазақстан, млн теңге

BEELINE Қазақстан, млн теңге

1 тоқсан 2015 ж

1 тоқсан 2014 ж

2015/2014

Жалпы табыс

30 284

30 453

-0,6%

EBITDA

14 981

14 558

2,9%

EBITDA маржа, %

49,5%

47,8%

1,7pp

Capex

1 239

1 637

-24,3%

Абоненттер ('000)

9 587

9 159

4,7%

ARPU (теңге)

898

975

-7,9%

MOU

273

294

-7,0%


 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24