Beeline Қостанай облысы ақпараттық агенттігінің сайтына тегін қосылу мүмкіндігін ашты

Beeline Open Media инновациялық-әлеуметтік жобасының екінші кезеңінің аясында www.Tobolinfo.kz сайтына тегін қосылу мүмкіндігі ашылғанын хабарлайды.

www.Tobolinfo.kz сайты облысқа қарасты 16 аудан мен 4 қалаға таралатын жаңалықтар ресурсы. www.Tobolinfo.kz сайтының мынадай бөлімдері бар: Саясат, Қоғам, Оқиғалар, Мәдениет, Спорт, Экономика, Ғылым, Агро, Денсаулық және Техно. www.Tobolinfo.kz ақпараттық агенттігі Қостанай облысындағы ең көп қаралатын сайт.

«Әлеуметтік нысандардың дамуы мен көшбасшылығы әр компания үшін басты артықшылық болуы керек. Beeline Қазақстан халық алдында қуатты корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілікке ие. Біз әлеуметтік нысандарды тегін интернетке қосамыз, ҰОС ардагерлеріне тегін байланыс ұсындық, Қазақстанның барлық жерлеріндегі қалалық автобустарды тегін Wi-Fi-мен жабдықтап жатырмыз. Open Media қоғам дамуының кілті болып табылады. Көптеген ресурстар, көптеген жаңалықтар және осының барлығы тек Beeline абоненттері үшін тегін», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас коммерциялық директоры Александр Комаров өз пікірін білдірді.

Beeline-ның Open Media әлеуметтік-инновациялық жобасы 2014 жылдан бері бар. Өткен жылы Beeline Қазақстан абоненттердің 10 ресурсқа тегін қосылу мүмкіндігін ашты, ал осы жылдың аяғына бұл көрсеткіш 20-дейін жетеді.

Қостанай облысы ақпараттық агенттігінің www.Tobolinfo.kz сайтына Beeline Қазақстанның барлық абоненттері тегін қосыла алады. Фотосуреттерді жүктеу кезінде, басқа сілтемелерге ауысқан кезде тарифтелу өзгереді – ресурстың бетінде қолданушының www.Tobolinfo.kz ресурсынан шығып бара жатқаны туралы ақпарат пайда болады. www.Tobolinfo.kz сайтынан шыққан кезде абоненттерде Beeline-ның мобильді интернеттегі әдепкі тарифтері әрекет етеді.

Науқан 2015 жылы 14 мамырда басталып, 12 ай бойы әрекет етеді. Қызмет роумингте әрекет етпейді, науқанның таралу аймағы – Қазақстан Республикасының территориясы. Бұл шарттар тек internet.beeline.kz немесе M-internet қосылу нүктелерінде әрекет етеді. Қосымша ақпаратты www.beeline.kz сайтының «Қызметтер» бөлімінен білуге болады. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24