Алматы қалалық көліктерінде Beeline Қазақстан ұсынған тегін интернет пайда болды

Beeline Қазақстан компаниясы «WiFi Bus Beeline» республикалық жобасын Алматы қаласында ашты. Ол осы кең көлемді жобаға қосылған сегізінші қала болды. Қазірдің өзінде еліміздің бірнеше қаласында 200-астам автобус өз жолаушыларына тегін интернетті қолдану мүмкіндігін ұсынуда. Жоба 2013 жылы Петропавл қаласында ашылды, содан кейін Көкшетау, Түркістан, Орал, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда қалаларында өз жалғасын тапты. Бүгінгі таңда Павлодар, Өскемен және басқа қалаларда дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл бастаманы жеті қаланың тұрғындары қуана пайдалануда. Жоба ашылғаннан бері жолаушылар 5 терабайт ақпарат пайдаланды.

Жобаның маңызы — қалалық автобустарда әлемдік желіге тегін қосылу мүмкіндігін беретін арнайы аспаптарды орнату болып табылады. Қазір Алматы қаласында 60 автобус тегін интернет таратуда. Жабдықтар жобаның серіктесі болып табылатын «Бату travel компаниясы» ЖШС-нің қалалық автобустарында орнатылғанын айта кеткіміз келеді.

«Смартфондардың, планшеттердің және басқа да құрылғылардың танымалдылығының айтарлықтай артуы, адамдардың кез-келген жердегі жоғары жылдамдықты мобильді интернетке деген қажеттелігіне әкелуде. Өткен жылы WiFi Bus Beeline, Қазақстанның жеті қаласында ашылды, жобаның еліміздегі ең үлкен қала — Алматыда ашылғанына қуаныштымыз», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко өз пікірін білдірді.

«Өз автобустарымызда тегін интернет ұсыну мүмкіндігін көптен бері ойланып жүргенбіз. Автобуста желіге тегін қосылу — жолдағы уақытты ұтымды пайдалану мүмкіндігі. Сол себепті Beeline Қазақстан компаниясымен ынтымақтастығымыз үшін қуаныштымыз, бұл бастама қалалық қоғамдық көліктегі қызмет сапасын жақсарта түсетініне сенімдіміз», — деп «Бату travel компаниясы» ЖШС-нің директоры Бауыржан Төлбасов өз ойымен бөлісті.

«WiFi Bus» жобасы Beeline ұсынған 3G желісі арқылы жүзеге асырылып, клиенттерге жоғары жылдамдықты мобильді интернетті Қазақстанның барлық жерінде қолдануға мүмкіндік береді. Интернетке қосылу үшін, Wi-Fi қолдану мүмкіндігі бар құрылғы — смартфон, планшет немесе ноутбук болса жеткілікті.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24