Beeline InformБЮРО-ға тегін қосылу мүмкіндігін ашады

Beeline Қазақстан www.informburo.kz сайтына тегін қосылу мүмкіндігі ашылғанын хабарлайды.

InformБЮРО мультимедиялық ақпараттық-сараптамалық порталы Қазақстандағы және әлемдегі оқиғалар туралы хабарлайды. Жаңалықтар жолағын тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы жаңарта отырып, портал ең елеулі оқиғаларды таңдайды және олардың ары қарайғы дамуын қадағалап отырады. Ресурстың әріптестері – 31 арнадағы «Информбюро» бағдарламасы мен «InformБЮРО Мегаполис» апталық газеті.

«Диджитализация өміріміздің көптеген салалары мен бағыттарын қамтиды, соның ішінде БАҚ да бар. Интернет телевидениемен және газеттермен таласқа түспейді. Интернет, құрылғы ретінде теледидармен, ақпаратты ұсынушы формат ретінде газетпен немесе журналмен күреседі. Жаңа InfromБЮРО қазақстандық порталы аттас газет пен ТД бағдарламасының электронды нұсқасы болып табылады. ZERO.kz сервисіндегі порталдың жиынтық статистикасы оның танымалдылығын дәлелдейді. Ашылғаннан бергі небары үш айда ол Қазақстандағы ең көп қаралатын 20 сайттың қатарына енді. Сол себепті бұл портал Beeline Қазақстанның Open Media жобасының қатысушысы болды», — деп Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко өз пікірін білдірді.

Ресурстарға тегін қосылу мүмкіндігі «Дербес интернет» қызметтер тобындағы «Жаңалықтар» топтамасына кіреді. Бүгінгі таңда Open Media инновациялық-әлеуметтік жобасының 12 әріптес-ресурстары бар, бұл ресурстарға Beeline Қазақстан абоненттері тегін қосыла алады. 2015 жылдың соңына дейін 20 ресурсқа тегін қосылу мүмкіндігін ашу жоспарланып отыр, олардың қатарында: NUR.kz», «National Business», «Gismeteo», «Yvision», «Жетінші арнаның» сайты тағы басқалары бар.

Тегін қосылу мүмкіндігі роумингте әрекет етпейді, жобаның таралу аймағы – Қазақстан Республикасының территориясы. Бұл шарттар internet.beeline.kz немесе M-internet қосылу нүктелері арқылы әрекет етеді. Қосымша ақпаратты www.beeline.kz сайтының «Қызметтер» бөлімінен білуге болады.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24