Астананың қалалық көлігінде Beeline Қазақстанның тегін интернеті пайда болды

Beeline Қазақстан компаниясы «Астана LRT» ЖШС-мен, «Astana Innovation» АҚ-мен бірге, Астана қалалық әкімшілігінің қолдауымен «WiFi Bus Astana» республикалық жобасын бастады. Жобаның шеңберінде астананың 100 автобусы тегін интернетпен жабдықталды.

Астана кең көлемді жобаға ресми түрде қосылған тоғызыншы қала болды. Еліміздің бірнеше қаласында 200-ден астам автобус өз жолаушыларына тегін интернетті қолдану мүмкіндігін сыйлауда. Жоба 2013 жылы Петропавл қаласында ашылған, содан кейін Көкшетау, Түркістан, Орал, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Алматы қалаларында сәтті жалғасын тапты. Бастаманы республикамыздың тұрғандары қуана қарсы алды. Жоба ашылғалы бері жолаушылар шамамен 7 терабайт ақпарат пайдаланды.

Астанада жабдықтар Астана LRT ЖШС мен «№1 Автобус паркі» АҚ ұсынған Iveco маркалы жаңа автобустарға орнатылғанын айта кету керек.

Жобаның ашылуы туралы ойын білдіре отырып, Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко былай деді:

«Смартфондар мен планшеттерді қолданудың қарқынды өсуі өз үрдісін әкелуде – адамдарда кез келген жерде ұшқыр мобильді интернетке қосылу қажеттілігі пайда болды. Астана күні қарсаңында Астанада жобаның тұсауын кескеніміз қуанарлық жайт. Тамаша қаламыздың қонақтары мен тұрғындары осы бастамамызға лайықты бағасын берсе, біз үшін қуаныш».

«Осындай әлеуметтік бағыттағы және инновациялық жобаның әріптесі болғанымызға қуаныштымыз. Біз үшін бұл, Астананың «ақылды» қалаға айналуы жолындағы сенімді қадам», — деп «Астана Innovations» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Альтаир Уызбаев өз ойымен бөлісті.

«WiFi Bus» жобасы Қазақстанның түкпір-түкпірінде клиенттерге жылдамдығы жоғары мобильді интернетті қолдану мүмкіндігін беретін Beeline ұсынған 3G желісі арқылы іске асырылуда. Интернетке қосылу үшін Wi-Fi  қолдану мүмкіндігі бар құрылғы — смартфон, планшет немесе ноутбук болса жеткілікті.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24