Beeline Gismeteo.kz ресурсына тегін қосылу мүмкіндігін ашады

Beeline Қазақстан жетекші интернет жүргізуші www.Gismeteo.kz ауа райы ресурсына тегін қосылу мүмкіндігі ашылғанын хабарлайды.

Gismeteo.kz – ауа райына арналған халықаралық жаңалықтық талдамалық сайт. Оның беттерінен ауа райы туралы, апаттық жағдайлар туралы, ауа райына қатысты халықтық ырымдар туралы және басқа да көптеген ақпаратты табуға болады. Ауа райы ресурсы қолданушыларға Қазақстандағы бірқатар қалалардың ауа райын 45 күн бұрын ұсынады. Gismeteo Ресейде, Украинада, Қазақстанда, Латвияда және Литвада жұмыс істейді.

«Компаниямызда қоғамның дамуына бағытталған бірқатар жобалар бар. Біз үшін Beeline абоненттерінің әдеттегі өнімдер мен қызметтерге қарағанда көп алғаны маңызды. Біз қазақстандықтардың ақпарат алудағы мүмкіндігі шексіз болуы үшін, ақпараттық ресурстарға тегін қосылу мүмкіндігін тұрақты түрде ашып келеміз. Gismeteo ресурсына тегін қосылу мүмкіндігін ашу – бұл өз клиенттерімізге жағдай жасау. Кей кездерде өмірдегі маңызды оқиғалар мен бизнестегі кездесулер ауа райына байланысты болуы мүмкін, сол себепті www.Gismeteo.kz ауа райы ресурсына тегін қосылу мүмкіндігін ашуды ұйғардық», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь өз пікірін білдірді.

«Open Media» инновациялық-әлеуметтік жобасы «Дербес интернет» қызметтер тобындағы «Жаңалықтар» топтамасының бір бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда Beeline абоненттері 13 әріптес-сайтқа тегін қосыла алады. 2015 жылдың соңына дейін ресурстар саны 20-дейін жетеді.

Тегін қосылу мүмкіндігі роумингте берілмейді, жобаның таралу аймағы – Қазақстан Республикасының территориясы. Бұл шарттар internet.beeline.kz немесе M-internet қосылу нүктелерінде әрекет етеді. Қосымша ақпаратты www.Beeline.kz сайтының қызметтер бөлімінен білуге болады. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24