Beeline Қазақстан клиенттер саны мен мәліметтерді жолдау түсімін арттырды

2015 жылғы II тоқсанда жаңартылған «Бәрі қосылған 2» қызметінің арқасында, сервис пен қызмет көрсетуді ескере отырып, компания абоненттік базаны 140 мың адамға арттырды. Интернет-трафик екі есеге жуық — 80% жылдан жылға өсті, мәліметтерді мобильді жолдау сегментінің түсімі — 34%-ға көбейді.

Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко өткен тоқсанға баға бере отырып: «Соңғы бірнеше айда Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы бәсекелестік бағалық нарықтық агрессия үлгісіне көшті, бұл бүкіл телеком нарығының көлемінің төмендеуіне алып келді. Сонымен қоса, біз клиенттердің жақсы бағаға ғана емес, сонымен қатар жоғары сапалы қызмет пен сервиске, сондай-ақ қосымша артықшылықтар мен бонустардың көптеген іріктеліміне мұқтаж екенін түсінеміз. Міне осы жақсы баға мен сапаның және мүмкіндіктердің тамаша үйлесімділігі үшін, олар Beeline байланысын таңдады. Біз осы бағытта тиімді қызметтер топтамаларын ұсына отырып, өз бизнесімізді дамытуды жалғастырудамыз» — деп айтып өтті.

Негізгі көрсеткіштер

EBITDA көрсеткіші 15 265 млн. теңгені құрады. EBITDA шоғырландырылған маржасы жоғары деңгейде қалып отыр және ол 48,6%-ды құрайды. Жалпы табыс 31 408 млн. теңгені құрады. Клиенттік база өткен жылмен салыстырғанда 140 мың абонентке артып, 9,7 млн. клиенттен асты.

Мобилді интернет жоғары қарқынмен өсуде. Мәліметтерді мобильді жолдау түсімі жылдан жылға 34%-ға өсті, Beeline желісінде смартфон қолданушылар саны екі есеге жуық өсті – 2014 жылы шілдеде 1,8 миллионнан астам адам смартфон қолданса, 2015 жылғы осы уақыт аралығында смартфондар саны 3,1 миллионнан асып жығылды. Өсу көлемі 72%-ды құрайды. Дауыстық қызметтерді интернетке алмастыру қарқыны жалғасуда. Мобильді сегменттегі түсім 8,5%-ға төмендеді.

Бұрынғыдай, интернет-трафик өткен жылмен салыстырғанда екі есе өсті. Есепті кезеңдегі өсу көлемі 80%-ды құрады. Орташа есеппен Beeline клиенті айына 416 мегабайт жүктейді, бұл көрсеткіш 2014 жылы 231 мегабайтты құраған. Компания мобильді интернеттің танымалдылығын арттыру үшін бірқатар бастамалар кешенін жүзеге асыруда, олардың қатарында танымал әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге, БАҚ сайттарына және басқа да пайдалы ресурстарға тегін қосылу мүмкіндіктері бар.

Нарықтағы жағдай мобильді оператор қызметтерінің бағасының айтарлықтай төмендеуіне әсер етеді. Әдеттегідей, абоненттің орташа шотының құны 2014 жылмен салыстырғанда 11%-ға төмендеді. Beeline клиентінің орташа шоты айына 945 теңгені құрады.

Өнімдер мен қызметтер

2015 жылы екінші тоқсандағы сату көшбасшысы — жаңартылған «Бәрі қосылған 2» өнімі болды. Желі ішілік шексіз қоңыраулардың, кез келген желіге арналған көптеген қоңыраулар мен интернеттің бірегей үйлесуі Қазақстанның барлық аймағындағы клиенттердің талғамына сай келді. Клиенттер желінің сапасы мен ұқыпты қызмет көрсету жұптасқан өнімнің артықшылықтарын лайықты бағалады.

2015 жылы сәуірде компания нарықта әртүрлі қолданушыларға арналған тақырыптық интернет-топтамаларды ұсынды. Таңдаған топтамаңызға («Әлеуметтік желілер», «Хабарлама», «Ойын-сауық», «Сатып алу», «Жаңалықтар», «Музыка» және «Бейнетаспа») байланысты, тақырыптық ресурсқа, әлеуметтік желіге немесе мессенджерге шексіз қосылу үшін, тегін қосылу мүмкіндігі беріледі.

Beeline ұсынған жылдық интернеттің танымалдылығы осы ұсынысты айтарлықтай жақсартуға себеп болды. Бүгінгі күні бұл баға мен интернет сапасының үздік үйлесуі – бір жыл бұрынғы бағаға айына 20 Гигабайт беріледі.

«Open Media» жобасының шеңберінде компания Beeline-ның барлық клиенттері үшін БАҚ-ның танымал сайттарына: vlast.kz, and.kz, kapital.kz, headline.kz, ratel.kz, mln.kz, yk.kz, prodengi.kz, pavon.kz, tobolinfo.kz, informburo.kz, zhurfaq.kz и gismeteo.kz тегін қосылу мүмкіндігін ұсынады. Жыл соңына дейін бұл санды 20 сайтқа дейін арттыру жоспарлануда.

Компания алдағы еңбек демалысы маусымына алдын ала әзірленіп, аса танымал «СуперВиза» тарифіне ТМД-ның, Еуропа мен Азияның 50-астам елін қосты. Күніне небары 590 теңгеге Beeline клиенттері, сөйлесу үшін 20 минут, 20 SMS және 20 мегабайт мобильді интернет алады.

Маусымның ең қызықты ұсынысы «Жеңіл роуминг+» болды, мұнда күніне 49 теңгеге тең абоненттік төлемге барлық қызметтер үшін бірыңғай баға – минут, SMS, мегабайт 25 болады. Қызметтің таралу аймағы өте кең – қазірдің өзінде 80-астам елде, кез келген байланыс операторына қосылуға болады.

Клиенттердің қалауын талдау кезінде шекаралас аймақтарда тұратын көптеген жандар, шет елге жиі баратыны анықталды. Арнайы осы аймақтардағы тұрғындар үшін, Beeline роумингтің «Қонақта үйдегідей» стратегиясын дайындады, ол көрші елдерге халықаралық қоңырау соғудан және Ресейде, Өзбекстанда және Қырғызстанда халықаралық роумингтен айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

Осы жылы интернет-роумингтің құны кедендік одақ елдерінде ғана емес, ТМД мен Грузияның барлық елдерінде 10 еседен артық төмендеді. Бұдан бөлек, компания абоненттері үшін әлемнің кез келген нүктесінен Клиенттерді қолдау орталығына қоңырау соғу және www.beeline.kz сайтына қосылу тегін болды.

Сымды интернет

Сымды интернет өсу қарқынын жалғастыруда – қосу саны мен табысы артты. 2015 жылы екінші тоқсанда «Үйдегі Интернет» қызметінің табысы 9,1%-ды құрады. «Үйдегі Интернет» қызметін қолданушылар саны 2014 жылғы маусым айының нәтижесімен салыстырғанда 23,3%-ға артып, 395 мыңға жетті.

Жаз маусымының ең танымал өнімдері «Үйдегі Интернет» қызметінің науқандық тарифтік жоспарлары – «Лимитсіз жаз» және «Ыстық кезең» болды, олар еңбек демалысы кезеңіне есептелген, жаңа тиімді бағалық ұсыныстарды қамтыды. Науқан бойынша барлық жаңа абоненттер үшін ең жоғары жылдамдығы 100 Мбит/ секундты құрайтын тарифке арнайы бағамен — 3500 тг – қосылу мүмкіндігі ашылды.

BeeTV сандық теледидарына қосылудың интерактивті қызметі дамуын жалғастыруда бүгінгі таңда Beeline клиенттері әртүрлі тақырыптағы 104 арнаға және өтініш бойынша 12 000-астам бейнетаспаға қол жеткізе алады.

Әлеуметтік үлес

«Шексіз мүмкіндіктер» жобасының аясында Қазақстанның әр қаласынан 9 әлеуметтік тегін интернетке мекеме қосылды. Бүгінгі таңда Beeline ұсынған жылдамдығы жоғары тегін интернетпен мектеп-интернаттардың және бейімдеу орталықтарының шамамен 2000 тәрбиеленушісі және Шымкент қаласындағы зағиптарға арналған кітапхананың 5000-астам оқырманы қамтылған.

Beeline жыл сайын ардагерлерге жәрдем беруде. Осы жылы Beeline «Өмір жолы» жобасына белсене қатысты, нәтижесінде ҰОС-ның барлық ардагерлері арнайы шақырту батырмасы бар мобильді құрылғыларға ие болды. Бұдан бөлек, Beeline мерзімі шексіз «Ардагер» арнайы тарифтік жоспарын құрды және ҰОС-ның барлық қатысушыларына ай сайн барлық бағытқа қоңырау соғуға арналған 300 тегін минутты сыйға тартады.

Екінші тоқсанда «WiFi Bus» жобасы өз аясын кеңітіп, Қазақстанның ең ірі екі қаласы – Алматы мен Астананы қамтыды. Алматыда жобаның тұсауы мамыр айында кесіліп, қалалық 4 бағыттағы 60 автобуста қосылды. Астанада бүгінгі күннің өзінде 100-астам автобус Beeline ұсынған тегін интернетпен жабдықталып, жоба астаналық әкімшілік тарапынан қолдау тапты.

Компанияда «Жылы жүрек» корпоративтік еріктілер бағдарламасы кең қанат жаюда – бүгінгі уақытта еліміздің барлық қалаларындағы 200-астам ерікті-қызметкер жобаға қатысады. Бағдарлама басталған сәттен бері, Beeline еріктілері ардагерлерге, жетім балаларға және ерекше қажеттілігі бар балаларға көмек көрсететін бірқатар жобаларды атқарды. «Жылы жүрек» жобасының еріктілері Қарағанды мен Алматы қалаларындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге белсене атсалысты және қан тапсырып, сенбіліктер өтікзіп, ағаштар отырғызып, басқа да көптеген пайдалы жобаларға белсене ат салысты. 

BEELINE Қазақстан, млн теңге

2 тоқсан 15

2 тоқсан 14

2015/2014

Жалпы табыс

31 408

33 920

-7,4%

EBITDA

15 265

16 530

-7,6%

EBITDA маржа, %

48.6%

48.7%

-0,1пп

Capex

4066

3170

28,3%

 

 

 

 

Mobile

 

 

 

Абоненттер ('000)

9 708

9 568

1,5%

ARPU (теңге)

945

1,062

-11,0%

MOU

292

326

-10.4%


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24