Beeline Казахстан Қарағанды қаласындағы Жасөспірімдер үйіне интернет сыйлады

Beeline Казахстан тағы бір ұйымға – «Жарқын» Жасөспірімдер үйіне интернет ұсынды. Қазіргі кезде «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық қайырымдылық жобасы бойынша бүкіл Қазақстан бойынша 12 мекеме тегін интернетті пайдаланып келеді.

«Жарқын» Жасөспірімдер үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16-дан 23 жас аралығындағы қыздар тәрбиеленеді. Тәрбиеленушілерге қолданбалы кәсіптер мен шаруашылық жүргізу негіздері үйретіліп, құқықтарын сақтау және жұмысқа орналастыру барысында көмек көрсетіледі.

«Жарқын» Жасөспірімдер үйінің директоры Бибігүл Молдахметова: «Біздің қыздарымыз Қарағанды қаласының әртүрлі колледждерінде білім алады. Ал біз оларға үй жағдайына барынша ұқсас жағдай қалыптастыруға тырысамыз. Сонымен қатар қыздар жан-жақты білім алып, мамандық иесі болу мүмкіндігін барынша қолдана алуы үшін, оларды компьютерлермен және интернетпен қамтамасыз етеміз», — деп мәлімдейді.

«Жасөспірімдер үйі – бұл балалар үйі мен тәуелсіз өмір арасындағы өтпелі саты. Осындай ұйым қабырғасында өткізілген бірнеше жыл тәрбиеленушілердің оқу орындарында жақсы мамандық алуда және жеке тұлғалық ерекшеліктерін табысты жетілдіруде мүмкіндіктерін арттырады. Біз өзіміздің «Шексіз мүмкіндіктер» жобамыздың аясында ата-анасының жылы алақаны мен қамқорлығынан айрылған жастарды қолдап, олардың білім алуы мен жұмысқа орналасуына жағдай жасай алатындығымызға қуаныштымыз», — деп көрсетеді «2Day Telecom» (TM Beeline Business) ЖШС-нің бас директоры Тұңғышбек Батталханов.

Beeline Business корпоративтік брендінің «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік бағдарламасы 2015 жылдың шілде айында белсенді қызметінің 1 жылдығын атап өтті. Жоба аясында тегін интернетпен Павлодар, Алматы, Шымкент, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды қалаларында 12 ұйым пайдаланады. Жоба Қазақстандағы Vimpelcom тобының «Make Your Mark» («Ізіңді қалдыр») ғаламдық әлеуметтік бастамасының көшбасшысына айналды.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24