Beeline Қазақстан мобильді қосымшалардың халықаралық байқауы басталғанын хабарлайды

Beeline Қазақстан «Еуразияның мобильді кубогі» халықаралық байқауының басталғанын жариялайды. Байқаудың мақсаты – Еуразияның түкпір-түкпіріндегі жастарды мобильді телекоммуникация саласындағы жаңа да өзекті шешімдерді даярлауға тарту.

Байқауға Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысады. Әр қатысушының басты міндеті – өз еліне арналған мобильді шешім құру, содан соң өз тұжырымдамасын қазылар алқасына ұсыну. Оларға инновациялық және бірегей қосымшаларды, я болмаса аталған елдердегі қолданушылар ұшырасатын мәселелерді жою мүмкіндіктерін жүзеге асыруға арналған жүйелерді жасау қажет болады.

«Қазақстандағы Beeline Компаниясы әртүрлі әлеуметтік және инновациялық жобаларға қолдау көрсетеді. «Vimpelcom» компаниясының бір бөлшегі бола отырып және халықаралық стандарттармен жұмыс істей отырып, біз жас кәсіпкерлердің ұлы мақсат жолына алғашқы қадам басуына мүмкіндік бергенімізге қуаныштымыз. Байқау қатысушыларында өздерін дүние жүзіне таныстырып қоймай, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі хас шеберлерден кеңес алу мүмкіндігі бар», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко өз ойымен бөлісті.

«Біздің әлем бұрынғыға қарағанда цифрлы бола түсуде және клиентке бағытталуда, сол себепті инновация мен үдеріс біз қалағандай жылдам келмейді. Біз компания шеңберінде жаңа өнімдер мен қызметтерді дамыту үшін бар күшімізді саламыз, сонымен қатар бұл үрдіске бүкіл әлемнің жас әрі білімқұмар жастарын тартудамыз. Бұл байқау жастарға болашақтың коммерциялық мүмкіндіктерін құруға арналған ұлттық, аймақтық және әлеуетті жаһандық платформаларды ұсына отырып, кәсіпкерлік экожүйені дамытуға ықпал етуге бағытталған», — деп VimpelCom Ltd. Компаниясының Бас техникалық директоры Йогеш Малик өз пікірін білдірді.

Бүгіннен бастау алған байқау техникалық және техникалық емес мамандықтардағы жастарға арналған жаһандық платформа. Қазақстанда «Еуразияның мобильді кубогі» байқауының жергілікті кезеңі өтеді. eurasiamobilechallenge.com сілтемесіне өту арқылы байқауға тіркеле аласыз. Содан соң, қазан айының ортасында басталатын жеріглікті Bootcamp бағдарламасына ұсыну мақсатында, мобильді шешімдерді жасауға кірісуге болады. Мұндай Bootcamp-бағдарламалар уақытында қатысушылар семинарлар сериясына қатысу арқылы, өз тұжырымдамаларын жетілдіре алады. Байқауға қатысушылар өз еліндегі немесе шет елдегі жеткешілерінен көмек сұрауына болады, жетекшілер оларға өз идеяларын нақты мобильді шешімдерге айналдыруға жәрдем береді.

Байқауға қатысушылардың жұмысын әр қатысушы елдегі салалық сарапшылар нақты бір қауымдастыққа арналған жаңашылдығы, өзектілігі, әмбебаптығы мен сонылығы негіздерінде бағалайды. Семинарлар өткен соң әр елден үш қатысушы анықталып, олар 2016 жылы қаңтарда Мәскеуде өтетін аймақтық жартылай финалға қатысады. Аймақтық жартылай финалдың үш қатысушысы 2016 жылы 22-26 ақпанда Барселонада Дүниежүзілік мобильді байланыс конгресінің аясында өтетін Global Mobile Challenge байқауында басқа аймақтық командалармен сайысу үшін қажетті ақша қаражаты мен қажетті жабдықтарға қол жеткізіп, толық төленген сапарға аттанады.

Болашағы бар және коммерциялық өміршең шешімдер әлемдік тұсаукесерге қатысып, өз саласында жаңа жетістіктер әкелуі мүмкін. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24