Beeline «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын жаңартты

Beeline Қазақстан Android, iOS және Windows Phone мобильді платформаларына арналған жаңартылған «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын ұсынады.

Beeline Қазақстан компаниясының Бас коммерциялық директоры Александр Комаров жаңартылған мобильді қосымшасына баға бере отырып: «Бүкіл әлемде өз өзіне қызмет көрсету деңгейі жаңа сатыға көтерілуде. Адамдар бұрынғыға қарағанда интернет арқылы көп тапсырыс беріп, онлайн төлемдерді жүзеге асыратын болды. Бұл тұжырым клиенттерге тауарлар мен қызметтерді қызмет көрсетуші жандардың қатысуынсыз, өз бетімен алуға мүмкіндік береді. Beeline self service бағытындағы бірегей digital өнімін ұсынады. «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасының жаңа нұсқасы – бұл көп функционалды құрал, ол клиенттерімізге қызмет көрсету бойынша кеңес беріп, Beeline-ның Сату және Қызмет көрсету кеңселеріне келу уақытын үнемдейді. «Менің Beeline-ым» қосымшасында бір түрту арқылы шоттар тәптіштемесіне қол жеткізуге, теңгерімді және басқа да қызметтерді басқаруға болады», — деп өз ойымен бөлісті.

Жеке кабинеттің бір ыңғай логині мен кілт сөзі клиенттерге «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында оп-оңай тіркелуге мүмкіндік береді. Жаңа функционал – зияткерлік басты экранда, ол теңгерімнің қалдығын, шоттар тәптіштемесін, қосылған қызметтерді, шет елде болған кездегі роумингтің тарифтерін көрсетеді, теңгерім төмендеген жағдайда онлайн-төлемді және толтырудың басқа жолдарын ұсынады.

Жаңартылған «Менің Beeline-ым» қосымшасында шоттардың онлайн-тәптіштемесі мен шығындардың құрылымын жүктемей-ақ және күтпей-ақ көруге, қызметтерді қосуға және өшіруге, тарифтік жоспарды тексеруге және ауыстыруға, туғандарыңыз бен жақындарыңыздың нөмірлерін өз нөміріңіз сияқты басқаруға, Beeline Call-орталықтарының мекенжайларын, орналасқан орнын көруге, кері қоңырауға тапсырыс беруге болады. Функционал клиенттердің кері байланысын ескере отырып, әр жаңарған сайын кеңеюді жалғастыра береді.

«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасына 4.0 және одан жоғары нұсқадағы Android платформасында мына сілтеме бойынша қол жеткізуге болады: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.beeline.odp. iOS пен Windows Phone платформаларына арналған қосымша жақын уақытта қол жетімді болады.

Қазақстанның территориясында және дүние жүзі бойынша роумингте «Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы навигация уақытындағы интернет-трафик тегін. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24