Beeline Қазақстан абоненттерге теңгерімде қаражат болмаған жағдайда толтырудың жаңа қызметін ұсынады

Beeline Қазақстан өз абоненттері үшін жаңа қызмет ашты, ол – теңгерімде қаражат болмаған жағдайда шотты онлайн толтыру қызметі. Жаңа қызмет өз смартфонынан немесе планшетінен теңгерімін толтыру қажет болған жандарға арналған.

Қаражат біткен соң, интернетке шығуға талпынған жағдайда, клиенттер oplata.beeline.kz қызметі арқылы мобильді шотты онлайн толтыру мүмкіндігі бар арнайы бетке бағытталады. Ол үшін абоненттен ешқандай қосымша төлем ұсталмайды.

Beeline Қазақстан компаниясының Бас коммерциялық директоры Александр Комаров жаңа қызметтің ашылуы туралы өз пікрін былай білдірді: «Біздің компания әрқашан клиенттік тәжірибені жақсартуға бағытталған. Қаражат жоқ болса да онлайн төлеу – бұл, абоненттерді қоңырау соғуға немесе интернетке шығуға қаражаты болмаған жағдайда теңгерімді толтыру сайтына бағыттау. Өзіңіз ойлаңызшы, күтпеген уақытта шотыңыздағы ақшаңыз таусылып қалды, ал сізде теңгерімді дәл сол сәтте және сол жерде толтыру мүмкіндігі жоқ. Бұрын Сізге төлемнің баламалы жолдарын іздеу қажет болатын. Осы қызмет уақытыңызды үнемдей отырып және жедел түрде сұрақты шешуге мүмкіндік бере отырып, мұндай мәселені оңай шешеді. Ол үшін абонентте банк картасы болса жеткілікті».

Бұдан бөлек, клиенттер теңгерімінде қаражат болмаса да, өз қалауы бойынша басқа қызметтерді пайдалана алады. Мысалы, сенімді төлемді пайдалануына немесе шотын толтыруды досынан өтінуіне болады.

Қызмет тек Қазақстан Республикасының территоииясында әрекет етеді.   


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24