Beeline Қазақстан роумингтегі тарифтерді 10 есеге дейін төмендетті

Beeline Қазақстан Еуразиялық одақ елдерінде, сондай-ақ Әзербайжанда, Молдовада, Тәжікстанда, Өзбекстанда, Украина мен Грузияда роумингтегі қоңыраулар мен SMS-тердің бағасы төмендегені туралы хабарлайды. 2015 жылғы 22 қыркүйектен бастап, аталған елдердегі қоңыраулардың құны 10 есеге дейін төмендетілді.

Мысалы, бұған дейін Әзербайжан, Армения, Беларусия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Грузия елдерінде кіріс қоңырауларының бір минуты 343 теңге тұрса, казір роумингте сөйлесуге арналған 10 минуттық топтама аталған елдерде 350 теңге тұрады, яғни бір минуты 35 теңгені құрайды. Алғашқы 10 минут аяқталғаннан кейін, келесі әр минуттың құны тәуліктің соңына дейін 35 теңге болып қала береді.

«Еуразиялық одақ елдері мен жақын шет елдерде роумингтегі қоңыраулар мен SMS-тер бағасының бүгінгі төмендеуі – бұл Beeline Қазақстан Компаниясындағы «Қонақта үйдегідей» стратегиясының қисынды жалғасы. Осы жылдың наурыз айында Beeline Еуразиялық одақ елдерінде, сондай-ақ Әзербайжанда, Молдовада, Тәжікстанда, Өзбекстанда, Украина мен Грузияда роумингтегі Интернет қызметтерінің негізгі тарифтері он есе төмендегенін жариялаған. Осы бастамалардың барлығы Компанияның Еуразиялық одақ елдері мен жақын шет елдердегі роуминг шарттарын жақсартуға бағытталған стратегиясының кезең-кезеңімен іске асырылып жатқанының көрсеткіші болып табылады. Роуминг бағаларының төмендеуі тариф құрылуына салмақты ықпал етудің арқасында мүмкін болғанын, сондай-ақ Beeline мен ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің, Еуразиялық экономикалық комиссия мен шет елдік серіктестердің өзара тиімді жұмыс істеуі соңғы рөл атқарғанын айта кету керек», — деп Beeline Қазақстан компаниясының коммерциялық директоры Александр Комаров өз пікірін білдірді.

Beeline Қазақстан Еуразиялық одақ территориясында әділ роуминг қағидаттарын қолдайды және Еуразиялық одақ пен жақын шет елдердегі өз абоненттері үшін роумингтегі бағалардың төмендеуіне алғашқылардың бірі болып қадам басты. Жыл басынан бері жүзеге асырылып келе жатқан Компаниямыздың роумингтік бастамалары клиенттердің белсенділігіне, сонымен қатар қызметтің шет елдердегі танымалдылығына айтарлықтай әсер етті. Beeline Қазақстан клиенттері жаз айларында 27%-ға ұзақ сөйлесіп, мәліметтерді 4 есе көп жүктейтін болды.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24