Cisco Connect форумында Xerox сандық дәуір кеңсесіне арналған зияткерлік шешімдерін ұсынады

Құжатқа толы бизнес-үдерістерді басқару саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын Xerox компаниясы 29-30 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өтетін Cisco Connect – 2015 форумына қатысады. Конференция шеңберінде Xerox өз стендінде заманауи баспа инфрақұрылымын ұйымдастыруға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды ұсынады, сондай-ақ тиімді кеңселік құжат айналымы саласына қатысты көзқарасымен бөліседі.

Cisco Connect (бұрынғы Cisco Expo) ‒ әртүрлі елдерден жүздеген қатысушыларды, аса ірі салалық компаниялардың топ-менеджерлерін, кәсіпкерлерді, ИТ саласындағы басшылар мен мамандарды жинайтын жыл сайынғы форум. Бұл жылы Cisco Connect ‒ 2015 форумы «Кең ауқымды Интернет және цифрлану» тақырыбына арналады.  

«Жүйеленген коммуникациялар» секциясының пленарлық отырысы аясында Xerox Еуразия компаниясының Орта және жоғары өнімділікті кеңсе жабдығының өнімдік маркетинг бөлімінің басшысы Елена Теплушкина сандық дәуір кеңсесіне арналған зияткерлік шешімдер жайлы айтып бермек. «Бизнес-мәселелерді шешу мақсатында цифрландыру мен ұтқыр технологияларды қолдануға деген сұраныстың өсуі жағдайында тапсырыс берушілердің кеңсе құжат айналымын ұйымдастыруға деген талаптарының өзгеріске ұшырайтынын байқаймыз. Қалыпты үдерістер өзгерістерге ұшырауда, демек, осы үдерістерді қолдауға арналған өнімдер мен шешімдердің тиімділігін, қауіпсіздігін және ұтқырлығын арттыру жағына қарай қайта қарастыру қажет. Cisco Connect – 2015 форумында біз Xerox-тың тапсырыс берушіге шығындарды азайтып, құжаттармен жұмыс істеу барысын жеңілдетуге қалай көмектесетіні жайында және осы міндеттерді барынша тиімді шешуге мүмкіндік беретін біздің компания ұсынатын құралдар туралы айтып бермекпіз», ‒ деді Елена Теплушкина.

Өз стендінде Xerox компаниясы Xerox ConnectKey платформасындағы жоғары өнімді кеңселік екі КАЖ (МФУ) — Xerox WorkCentre 7835 және Xerox WorkCentre 5335, сонымен қатар басып шығаруды бақылауға арналған YSoft-тан SafeQ шешімін және ұтқыр басып шығару шешімі — Xerox Mobile Print ұсынады.

Xerox Mobile Print – құжаттаманы ұялы құрылғылардан басып шығару шешімі. Ол корпоративтік пайдаланушыларға арналған және әлемнің кез келген жерінен корпоративтік желідегі кез келген аппараттан басып шығаруды қамтамасыз ете отырып, кеңседегі құжат айналымының ыңғайлылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Xerox WorkCentre 7830/35/45/55 – кеңседегі құжаттармен жұмыс істеуді жаңа дәрежеге көтеруге мүмкіндік беретін түрлі-түсті көп атқарымды жабдықтар. Революциялық технологияларды қолдану таңбалардың тамаша сапасын, басып шығарудың жоғарғы жылдамдығын, сенімділікті, пайдалануы оңай әрі ыңғайлы атқарымдар мен қоршаған ортаны қорғау бойынша соңғы стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Xerox WorkCentre 5325/30/35 — таңдау мүмкіндігінің мол түрін ұсынатын А3 пішінді монохромды аппараттар отбасы. КАЖ (МФУ) күнделікті жұмысқа арналған қажетті құралдарды, сондай-ақ шығындарды оңтайландырып, ақпарат құпиялылығын сақтауға арналған кеңейтілген мүмкіндіктерді ұсынады. 

Cisco Systems


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24