YouTube Қазақстанға келеді

Google компаниясы, Қазақстанның Интернет пайдаланушыларына youtube.kz доменінде қатынас құруға, бейнені жасауға және бөлісуге мүмкіндік беретін танымал бейнетұғырнаманың локализацияланған нұсқасы – YouTube Қазақстан бейнехостингін іске қосатындығын жариялайды. YouTube бейнехостингінің жергілікті нұсқасында Қазақстанның ең танымал бейнелері ұсынылатын болады, бұдан бөлек, ол Қазақстанның дарынды бейнемазмұн жасаушыларына, телекомпанияларға, жарнама берушілерге және брендтерге арналған тұғырнаманы қамтамасыз етеді.

YouTube – әркім өз талғамы бойынша қалаған бейнесін таба алатын және өзінің жұмыстарын бүкіл әлеммен бөлісе алатын орын. Бүкіл әлемнің миллиардтаған пайдаланушылары осы жерде қатынас орнатады, жаңалықтары мен тың идеяларын бөліседі, оның үстіне бұл көрсеткіш күн сайын ұлғаяды – YouTube пайдаланушыларының күн сайынғы саны жыл сайын 40%-ға артады, ал YouTube-та бейнені қараумен өткізілген сағат саны жыл сайын 60%-ға өседі. YouTube-та дүние жүзі бойынша күн сайын қаралатын бейне саны шамамен алты миллиардты құрайды, ал сайтқа бейнемазмұнның 300 сағаты бір минут сайын жүктеледі. TNS тарапынан жүргізілген зерттеуге сәйкес, Қазақстанда YouTube аудиториясы Интернеттің бүкіл қазақстандық сегментінің 18 жастан асқан пайдаланушыларының 79%-ы болып табылады, бұл ретте пайдаланушылардың 35%-ы YouTube-қа күн сайын кіреді.

Максим Мачкасау, Қазақстанда Google бизнесін дамыту жөніндегі менеджер: “YouTube бейнехостингі Қазақстанда әсіресе 18-24 жас аралығындағы жастар арасында өте танымал. Жергілікті пайдаланушылар мазмұнды қараумен ғана шектелмей, өздерінің бірегей бейнелерін жасауға талпынатынын көрудеміз. Қазақстанда YouTube бейнехостингін ресми түрде іске қосудың арқасында, олар өздерінің бейнежұмыстарын Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де тиімді түрде алға жылжыту, көп миллионды аудиторияға қол жетімділік ұсыну мүмкіндігіне ие болады”.

Бүгін Google компаниясы Қазақстанда YouTube Серіктестік бағдарламасын да іске қосады. Енді, өзінің танымал арнасы бар және түпнұсқалы мазмұнын жасап жатқан Қазақстандағы кез келген пайдаланушы YouTube серіктесі бола алады. Бағдарламаға қатысудың арқасында, кеңейтілген құралдар жиынтығының көмегімен одан да сапалы және қызықты роликтерді жасауға, сондай-ақ жарнама хабарландыруларын көрсетуден пайда табуға мүмкіндік беріледі. YouTube бейнехостингі Серіктестік бағдарламасына қатысушы пайдаланушылардың арналарында жарнаманы орналастырады, ал мазмұнның авторлары қандай бейнені ақшаға айналдыру, қандай бейнені жарнамасыз қалдыру керектігін өздері анықтайды. Бейнероликтерде жарнама көрсетуден пайда табу — Серіктестік бағдарламасының жалғыз ғана артықшылығы емес, серіктестердің өз арналарының аудиториясын кеңейту және оның тиімділігін байқап тұру мүмкіндігі де бар. Сондай-ақ, әрбір креатор Авторлар Академиясында тегін онлайн-оқудан өте алады.

Юрий Хазанов, Ресей мен ТМД елдеріндегі YouTube Серіктестік бағдарламасының директоры: “Бүгінде YouTube Серіктестік бағдарламасына әлемдегі 65-тен астам елдің пайдаланушылары қатысады, ал соңғы 7 жылдың ішінде біз өз серіктестерімізге бір миллиард доллардан артық соманы төледік. Автор өзінің арнасында жарнаманың қандай пішімін және қандай көлемін көргісі келетінін өзі таңдай алады. Біз, пайдаланушыға өз мазмұнымен жұмысты жалғастыру және одан пайда табу үдерісі барынша ыңғайлы болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тырысамыз.

YouTube бейнехостингі, Интернетке қосылған және бейнекамерасы бар кез келген адамға бейненің көмегімен жаһандық диалогқа өз үлесін қосуға мүмкіндік береді, ал бейнетұғырнаманың локализациясы арқасында қазақстандықтар өз жұмыстарын орасан зор аудиториямен бөлісудің және жаһандық қоғамдастықтың бір бөлігі болудың барынша көп мүмкіншіліктеріне ие болады. 

Google


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24