Beeline Казахстан бүкіл Қазақстанды сымды интернетке қосты

Beeline Казахстан Қазақстанның бүкіл ірі қалаларының сымды интернетке қосылуы туралы мәлімдейді. Ауқымды құрылыс легінің нәтижесі ретінде Қызылорда қ. қосылуы болды.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Үйдегі Интернет» пен BeeTV фиксацияланған қызметі Қызылорда қ. (Қызылорда обл.) тұрғындарына қолжетімді болды. Іске қосудың басы 200 тұрғын үйді қосудан басталды. Жыл аяғына дейін қызметпен қамту ауқымын айтарлықтай кеңейту жоспарланып отыр. Қазіргі сәтте желі шамамен 12 000 пәтерді қосуға мүмкіндік береді.

«Үйдегі Интернет» қызметі Қазақстанның фиксацияланған қызмет нарығына 2009 жылы келді. Сервис қалыптасқан қызмет нарығында лайық бәсекелестік тудырды. Тағы бір ойыншының келуі ең алдымен пайдаланушыға ұтымды болды – интернет жылдамдығы артып, тарифтік ұсыныстар барлық провайдерлер үшін тиімдірек болды.

«Біз өзіміздің пайдаланушыларымызды ең жоғары жылдамдықты интернет пен сымсыз технологияларға үйреттік. Бүгінде клиенттер үшін сапа және тиімді бағамен қатар жайлылықтың да маңызы зор. Сондықтан біз интернеттің келешегін қосымша ыңғайлы сервистерді дамытуда деп білеміз. Бұл абоненттердің барлық қызмет түрлерін – интернет, теледидар, мобильді байланысты үнемдеуге мүмкіндік беретіндей бір тарифтік жоспар шеңберінде алуы үшін, — деп түсіндіреді 2Day Telecom (TM Beeline) ЖШС-нің Бас директоры Тұңғышбек Батталханов.

Қызылорда қ. тұрғындарына барлық тарифтік жоспарлар желісі қолжетімді – «Реальный безлимит 25» «Реальный безлимит 50» «Реальный безлимит 70» «Реальный безлимит 100», сондай-ақ «Доступный безлимит 10».

Қызмет жаңа қалаға үй жағдайында жылдам интернет алып, BeeTV қызметінің, сандық теледидар мен мультимедиялық контентке қатынау қызметінің барлық артықшылықтарын бағалауға, сондай-ақ мобильді байланысты арнайы «Әрқашан байланыста» тарифтік жоспар бойынша алуға мүмкіндік беретін «Толық қосылу» хит-науқанымен кіріп отыр.

Beeline компаниясының сымды интернет қызметі қазіргі кезде Қазақстанның 29 қаласында қолжетімді.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24