«Үйдегі Интернет» және BeeTV брендтерінің коммерциялық департаментін Сергей Нищев басқарды

Beeline Казахстан «2Day Telecom» (TM Beeline) ЖШС Коммерциялық директоры қызметіне Сергей Нищевтің тағайындалғандығы туралы хабарлайды.

Сергей Нищевтің тағайындалуы туралы «2Day Telecom» (TM Beeline) ЖШС Бас директоры Тұңғышбек Батталханов былай деп түсініктеме береді: «Біз интернетті дамытудың болашағын ыңғайлы пакеттік ұсыныстар жасауда деп білеміз. Пайдаланушыларға барлық қызметті «бір терезеден» және тиімді бағамен алған ыңғайлы. Сондықтан компанияның барлық бизнес-үдерістері үстеме құнмен инновациялық сервистер әзірлеуге және бұқаралық нарық үшін конвергенттік ұсыныстар қалыптастыруға бағытталады. Бұл бағытты бірегей тарифтік ұсыныстар ендіруде үлкен тәжірибесі бар Сергей Нищев басқарады. Сонымен қатар Сергей «Кар-Тел» ЖШС-де FMC (фиксацияланған-мобильді конвергенция) директоры қызметін де атқаратын болады, ондағы оның негізгі міндеті мобильді және фиксацияланған екі түрлі бизнестің синергиясын қамтамасыз ету болмақ».

Бұдан бұрын Сергей Нищев «Кар-Тел» ЖШС-де баға ұсыныстары мен өнімдерді басқару директорының қызметін атқарып келген. Оның жетістіктері ретінде 2014 ж. табыс нарығы үлесінің серпініне септігін тигізген жаңа қызметтерді әзірлеп, ендіруін атап көрсетуге болады.

«Телеком саласындағы соңғы тренд – бұл фиксацияланған және мобильді байланысты біріктіретін өнімдерді қалыптастыру. Мен мобильді бизнесті жақсы білетіндігімнен және фиксацияланған байланыс сервистеріне көбірек назар аудару мүмкіндігі пайда болғандықтан, аталған сегменттерде нәтижелі синергия қалыптастыра аламын деп ойлаймын. Бұл болашақта біздің клиенттерімізге көптеген қызықты әрі тиімді ұсыныстар әкелетіндігіне сенімдімін», — деп мәлімдеді «2Day Telecom» (TM Beeline) ЖШС Коммерциялық директоры Сергей Нищев.

Сергей Нищев Ресейде Н.П. Огарев атындағы ММУ-ін «Менеджмент» мамандығы бойынша қызыл дипломмен аяқтаған. Телекоммуникациялық компанияларда, банк және құрылыс, басқарушы консалтинг салаларында он бес жылдық жұмыс тәжірибесі бар. 2004-2007 жж. аралығында Ресейдегі «Мегафон» компаниясында Поволжье макроаймағының маркетинг бөлімінің басшысы орнында қызмет атқарып, Ресейдегі «Связьинвест» және «Ростелеком» холдингілерінде сымсыз активтер коммерциялық блогын және сымсыз активтер маркетингін басқарған. Сондай-ақ «Сбербанк России» ААҚ-да коалициялық ниеттестік бағдарламасын дамыту директорының қызметін атқарған.

Ресей Маркетинг Қауымдастығының «Маркетинг в России» жалпыресейлік конкурсының екі мәрте иегері әрі жеңімпазы болып табылады.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24