Тарас Пархоменко, Beeline Қазақстан компаниясының басшысы, еліміздің үздік СЕО-ының ТОП-10-дығына кірді

«National Business» іскерлік аналитикалық журналының деректері бойынша компанияның Бас атқарушы директоры Қазақстанның үздік СЕО-ының ТОП-10-дығына кірді.

«National Business» сарапшылары «Анкор» кадрлар холдингімен бірлесе отырып, СЕО-ның ішінде өз компаниясы үшін ең көп табыс әкелген кім екенін анықтады. Қазақстанның ең ірі 100 компаниясында сауалнама жүргізілді. Сауалнамада екі негізгі сұраққа жауап беру керек болатын: СЕО келген кездегі есепте қандай EBITDA болды және ол қазір қандай. Ең ірі 100 компанияның соңғы бес жылдағы аудиторлық есебінің негізінде, экономиканың 11 секторы бойынша орташа динамика есептелді.

«Бізге Қазақстандағы басшылардың ішінде ең үздігі кім екенін, кім өз саласында басқаларынан көп табысқа жеткенін, сонымен қатар шығындарды мүмкіндігінше қысқартқанын анықтау маңызды болды. Айта кету керек, компаниялардың 59%-ы өз нарығынан бұрын құлдыраған, 31%-ы нарықпен бірге жүріп отырса, тек 10%-ы ғана алға озып шыққан»- деп «National Business» іскерлік аналитикалық журналының Бас редакторы Денис Кулкин өз пікірін білдірді.

Рейтингке қатысуы туралы Тарас Пархоменко: «Қазақстан – озық нарық, мұнда жұмыс істеген өте қызық, сонымен қатар оңай емес. Бірқатар көрсеткіштер бойынша мемлекет әлемдегі көптеген елдердің алдында. Мысалы, «ұялы байланыстың енуі» индексі бойынша. Менің міндетім табыстың жаңа көзін табу, digital-ортада сандық көшбасшылық пен операциондық тиімділік көрсету, компанияның стратегиясымен нарықтық бағада клиенттерге мол мүмкіндіктер беру. Мен жетекшілік етіп отырған компанияның тағы да үздіктердің қатарына кіруі, мен үшін үлкен абырой!»- деп өз ойымен бөлісті.

Тарас Пархоменко Beeline Қазақстан компаниясын 2013 жылғы ақпан айынан бері басқарып келеді. Ол Киевтің халықаралық азаматтық авиация университетін тәмәмдаған, сондай-ақ британдық Маркетингтің чартерлік институты дипломының иегері (CIM). 2006 жылдан бастап «Киевстар» телекоммуникациялық компаниясында жұмыс істеген. Украинаның екі дүркін үздік маркетинг-директоры. Тарас Украинаның топ-менеджерлерінен тұратын «Арман командасының» мүшесі. Кәсіби ұстанымы: «Адамдар мен кәсіпке деген махаббатпен құндылықтар жасау». Үйленген, бес баланың әкесі. 

ВымпелКом


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24