Beeline Қазақстанның еріктілері оқушыларға интернет-қауіпсіздігін үйретуде

Beeline Қазақстанның ерікті қызметкерлері еріктілердің «Жылы жүрек» корпоративтік бағдарламасының аясында Қостанай қаласының жоғарғы сынып оқушыларына арналған, интернет-қауіпсіздігі тақырыбында семинар өткізді.

Семинар 2015 жылы 20 және 21 қазанда №2 Түзету мектеп-интернатында және №2 жалпы білім беру мектеп-лицейінде өтті. Кездесу барысында Beeline Қазақстанның еріктілері семинар қатысушыларына интернеттің мүмкіндіктері туралы, оқушыларға ғаламдық желіні дұрыс әрі қауіпсіз қолдануға үйрету қажеттілігі туралы, негізгі онлайн-қатерлер туралы, сондай-ақ олардың алдын алу жолдары туралы айтып берді. Дәріске 100-ден астам оқушы, сондай-ақ мұғалімдер, психологтар мен сынып жетекшілері қатысты.

«Қазақстанға интернеттің енуі жыл сайын артып келеді. Ғаламдық желіні оқушылар мен жасөспірімдер жиі қолданады. Сол себепті, біз еліміздің жетекші телекоммуникациялық операторы ретінде, балалардың оқуы, олардың қарым-қатынасы мен дамуы үшін интернеттің қауіпсіз орта болуына мүдделіміз. Интернет қауіпсіздігі — бұл «Жылы жүрек» еріктілер бағдарламасының негізгі бағыты. Beeline еріктілері өтікізіп жатқан семинарлар, дәрістер және шеберлік-сыныптары қоғамның дамуына өз үлесін қосып, оқушыларға виртуалды әлемде қорғаныс болатынына сенімдіміз», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко өз ойымен бөлісті.

«Beeline Қазақстанның еріктілері оқушыларымыздың онлайн – қауіпсіздігі туралы семинар өткізу ұсынысын жасағанда, біз қуана келістік. Себебі оқушылар ғаламдық желіге қосыла отырып, өздері кездескен ақпараттың нақтылығы мен қауіпсіздігін өз бетінше бағалай алмайды. Оқушылардың интернетке деген көзқарасын, компанияның қызметкерлері тәрізді кәсіби мамандардың қалыптастырғаны аса маңызды. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және ол өз жалғасын табатынына сенімдіміз», — деп Қостанай қалалық №2 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рауза Бекбулатова өз пікірін білдірді.

Еріктілердің «Жылы жүрек» корпоративтік бағдарламасы Beeline Қазақстан компаниясында 2014 жылдың аяғына қарай басталған. Компанияның барлық филиалдарында еріктілер ұяшықтары құрылды. Екі жүзден астам қызметкер өз жұмыс уақыты мен тәжірибесін және білімін жұмсай отырып, еріктілер жобасына белсене қатысуда. Жыл басынан бері Beeline еріктілері бірқатар экологиялық іс-шараларды атқарып, Алматы, Орал, Қостанай, Қарағанды қалаларында ағаш отырғызды, «Өмір жолы» бағдарламасына, Жеңіс күні мерекесіне, Балаларды қорғау күніне, «Мектепке жол» науқанына қатысты. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24