Beeline Қазақстан Атыраудағы Зағиптар қоғамын интернетке қосты

Beeline Қазақстан компанияның «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік жобасына кезекті ұйымның — Атырау қаласындағы Қазақ зағиптар қоғамының қосылғанын хабарлайды. Жобаның шеңберінде Қазақстанның 9 қаласындағы 13 мекеме тегін интернетті пайдаланады.

Атырау қалалық Қазақ зағиптар қоғамының міндеті — көру мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындарын, бейімдеу мақсатында біріктіру. Сондай-ақ негізгі міндеттердің қатарында мәдениетке, еңбекке және спортқа тарту, зағиптар мен нашар көретін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

«Біздің қоғамымыздың құрылғанына 70 жылға жуық уақыт болды. Осы жылдарда қоғамдағы көру мүмкіндігі шектеулі жандардың түсінігі түбегейлі өзгерді. Бүгінгі күні бірлестігіміздің мүшесі қоғам өмірінің толыққанды мүшесі бола алады және біздің ұйым зағиптарға жағдай жасау үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Енді біз интернетке қосылдық. Бұл үйренушілерімізге интернет бағдарламалармен дербес жұмыс істеуден тәжірибе жинақтап, басқа да кәсіби дағдыларды игеруге мүмкіндік береді», — деп Атырау қалалық «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ Бастапқы ұйымының төрағасы Марат Үмбеталиев өз пікірімен бөлісті.

«Заманауи қоғамның инновациялық шешімдерге қажеттілігі қарқынды артып келеді, Beeline Қазақстан digital-қызметтің көшбасшысы болу үшін, ұзақ жол жүріп өтті. Сонымен қатар біз әлеуметтік жауапкершілікті де назардан тыс қалдырмаймыз және қоғамның дамуына әрі өмір сапасын жақсарту үшін телекоммуникациялық саланың барлық жетістіктерін қолдануына көмек беруге тырысамыз. Әсіресе, әлеуметтік жобаларымыздың мүмкіндігі шектеулі жандарға шынайы қолдау көрсетіп, оларға жәрдем беріп жатқанына қуаныштымыз», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко өз ойын білдірді.

«Шексіз мүмкіндіктер» қайырымдылық жобасы Қазақстандағы Vimpelcom тобының «Make Your Mark» («Ізіңді қалдыр») жаһандық әлеуметтік бастамасының қолбасшысы болып табылады. Beeline Business корпоративтік брендінің әлеуметтік бағдарламасы 2015 жылы шілдеде өз белсенді жұмысының 1 жылдығын атап өтті. Жобаның аясында Павлодар, Алматы, Шымкент, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды және Атырау қалаларындағы 13 ұйым тегін интернетті пайдалануда. Жыл соңына дейін тағы екі нысанды қосу жоспары бар. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24