Beeline Қазақстан клиентттер санын, интернет-трафикті және қызмет құны төмендесе де, мәліметтерді жолдау түсімін арттырды

2015 жылғы үшінші тоқсанда Beeline Қазақстан өз желісіндегі интернет-трафиктің өткен жылмен салыстырғанда рекордтық деңгейде — 134%-ға өсіп, 9 млн. Гб-қа жеткенін көрсетті. Компания, EBITDA және сервистік түсім бойынша нарықтағы үлесін 0,4 п.п. арттырды. Сымды интернет бағытының табысы мен абоненттер санын өсірді.

«Қазақстандағы телекоммуникация қиын кезеңді басынан өткеруде, тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет жалпы телеком нарығының өсуі тоқтап, қатарынан екінші тоқсан жаппай төмендеп келе жатқаны байқалады. Бұған бірнеше себеп әсер етуде, олардың қатарында дауыстық қызметтегі табыстың құлдырауы, интерконнект мөлшерінің төмендеуі және агрессиялы бағалық бәсекелестік бар. Осы жағдайда Beeline Қазақстанның негізгі міндеті — digital компанияға айнала отырып, клиенттердің мұқтаждықтарын терең зерттеген және оларға мейлінше көп қызмет, сервис ұсынып, ыңғайлы жағдай жасау жолымен барынша тиімді бизнесті дамыту», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко өз пікірін білдірді.

2015 жылы 3-тоқсанда компанияның табысы 33 232 млн. теңгені құрады. Мәліметтерді жолдау сегментіндегі түсім өткен жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда 12%-ға артты. EBITDA көрсеткіші 15 274 млн теңгені құрады, EBITDA табыстылығы 46%-ды құрады. Beeline Қазақстанның клиенттер саны өткен тоқсанмен салыстырғанда 9 млн 775 мыңға дейін өсті.

Қызметтің құны көп жылғы төмендеу дәстүрін жалғастыруда. Есепті кезеңде бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13,1%-ға төмендеді. Beeline клиентінің орташа шоты 954 теңгені құрады, өткен жылы бұл көрсеткіш 1 098 теңге болған. Клиенттер тұтынатын қызметтер көлемі артуда: мобильді интернет трафик 134%-ға жоғарылады. Былтыр 3-тоқсанда орташа тұтыну айына 262 МБ болса, 2015 жылғы баламалы кезеңде 612 Мб болды.

Топтамалық ұсыныстардың даңқы артуда, мұндай ұсынысты тұтынатын клиенттердің саны өсіп келеді. Адамдарға желі ішінде шексіз қоңырау соғу, көп интернет және басқа операторларға арналған минуттар ұнайды. «Бәрі» тарифтік жоспарларының жаңа қатары да жоғары сұранысқа ие, мұнда төмен бағамен ай сайын 20 ГБ интернет-трафик пен басқа операторларға қоңырау соғуға арналған 350 минут алу және желі ішінде шексіз қоңырау соғу мүмкіндігі бар, сондай-ақ тарифтік жоспарды бұрынғыдан да ыңғайлы ететін қосымша амал-шарттар бар.

III тоқсанда Beeline бұрын-соңды болмаған қадамға барып, роумингтің құнын 10 есеге дейін төмендетті. Бұл біздің клиенттеріміз барғанды жақсы көретін танымал бағыттарға қатысты болды. Алғаш рет мобильді интернетті тұтыну 5 есеге және дауыстық трафик 27%-ға өсті.

Есепті кезеңде компания сымды интернет сегментіндегі негізгі көрсеткіштердің тұрақты өскенін көрсетті. Қыркүйектің соңындағы табыс өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға, клиенттердің саны — 22,1%-ға, яғни 410 мың қосылуға дейін өсті. Бұдан бөлек, Beeline-ның сымды интернеті еліміздің барлық облыс орталықтарын қамтығаны жарияланды.

Үйдегі интернеттің осы маусымда ең жоғары сұранысқа ие болған ұсынысы – «Мәңгілікке» тарифтік жоспарларының қатары болды. Бағасы төмен, интернет жылдамдығы жоғары бұл өнім клиенттердің талғамына сай болды.

Қызметті жетілдіру – Beeline Қазақстан бизнес-стратегиясының маңызды бағыты. «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы – бұл клиенттердің қызмет көрсету орталықтарына қоңырау соқпай, өз-өзіне қызмет көрсетуінің қарапайым, ыңғайлы әрі жылдам жолы. Beeline Қазақстан өз-өзіне қызмет көрсету жүйесін тұрақты түрде жетілдіріп келеді, 2015 жылы 3-тоқсанда «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасына жаңа мүмкіндіктер мен пайдалы амал-шарттар қосылды. Бүгінгі таңда жүз мыңдаған клиент өз смартфонының экранынан тарифтік жоспарды оңай ауыстырып, шоттар тәптіштемесіне қол жеткізеді, әртүрлі қызметтерді қосып, өшіре алады және бұдан басқа да мүмкіндіктер бар.

Клиенттерге арналған мүмкіндіктер мен қызмет көрсетуде үздік болу үшін және цифрлы компания болу үшін, операторға барлық деңгейде және инновацияда жетілуге ықпал жасайтын корпоративтік мәдениетті дамыту керек. Осы мақсатта үшінші тоқсанда BeeLife корпоративтік әлеуметтік желісі іске қосылды. Бұл шоғырландырылған ішкі портал, онда өзекті ақпараттар мен нарық және компания жаңалықтарынан бөлек, «есеп парағын» оңай алуға, өз бонусыңды есептеуге, медициналық сақтандыру мәселелерін нақтылауға, іссапарды жоспарлауға, компания ішіндегі бос жұмыс орындарын білуге және жеке кабинетті қолдануға болады. Ең бастысы, желі кез келген клиенттік мәселені онлайн-режимде көтеріп, шешуге, жаңа идеяны әріптестермен, басшылармен, соның ішінде компанияның топ-менеджментімен талқылауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік желіде кабинеттер, жабық есіктер мен иерархия жоқ, бұл бүкіл компанияның жылдам және ішкі кедергілерсіз тамаша идеяларды жарыққа шығарып, клиенттердің мәселелерін шешуіне мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде компанияның 2000-астам қызметкері әлеуметтік желіге кіріп, осы ыңғайлы құралмен көптеген мәселелерін шешуде.

Қазақстанның белсенді корпоративтік азаматы болу – оператордың басты міндеті. «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық әлеуметтік жобасының арқасында оңалту орталықтары, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттар, дарынды балаларға арналған мектептер және басқа да маңызды әлеуметтік нысандар Beeline-ның ұшқыр интернетіне тегін қосылды. Жоба өзінің 1 жылдығын атап өтті. Осы уақыт аралығында еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі 13 нысан Beeline интернетіне қосылды. Осы жобаның арқасында 7 мыңнан астам адам жаһандық желіге қосылды.

Beeline қолдау көрсететін, мобильді қосымшаларды жасаушы жастар арасында өткен «Eurasian Mobile Challenge» халықаралық жобасының қазақстандық кезеңі басталды. 2016 жылғы қаңтарда Қазақстандық үздік үш жоба Мәскеудегі жартылай финалға қатысады, ал ақтық байқауға қатысқандар Барселонадағы Дүниежүзілік Мобильді Конгресске аттанады.

BEELINE Казахстан, млн теңге

2 тоқсан 15

2 тоқсан 14

2015/2014

Жалпы табыс

33 232

35 928

-7,5%

EBITDA

15 274

18 398

-17,0%

EBITDA маржа, %

46,0%

51,2%

-5,2%

Capex

4 033

4 805

-16,1%

Mobile

 

 

 

Абоненттер ('000)

9 775

9 837

-0,6%

ARPU (теңге)

954

1 098

-13,1%

MOU

292

317

-7,8%


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24