Beeline Қазақстан тартымды бағаға мықты смартфон алу мүмкіндігін ұсынады

Жаңа жыл қарсаңында Beeline Қазақстан 2015 жылдың жаңа өнімі — Alcatel One Touch Pixi first смартфонын 5000 теңге жеңілдікпен сататын мерекелік науқанын бастады.

Жаңа жылдық белсенділік аясында кез келген жан смартфонды 18 490 теңгеге емес, небары 13 490 теңгеге сатып ала алады. Телефонға жеңілдік алу үшін, қазіргі және ықтимал клиентке, жаңа «Бәрі Промо 1090 теңге» тарифтік жоспарын қосып, 6 айдың абоненттік төлемін алдын ала төлеу керек.

«Жаһандық диджитализация жаңа дәстүрлерді енгізуде – смартфондардың нарыққа енуі жылдан жылға геометриялық прогрессиямен өсуде. Мысалы, Beeline абоненттерінің 44%-дан астамы смартфон қолданады, бұл біз ойлағаннан да жоғары көрсеткіш. Біз клиенттердің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін назарда ұстаймыз және қол жетімді бағаға көпфункционалды құрылғы ұсынамыз. Біздің науқан өзіне алғашқы смартфонын алғысы келген немесе балаларына, ата-аналарына, достарына жаңа жыл қарсаңында смартфон сыйлағысы келген жандар үшін өте қолайлы болады. Бұл батырмалы телефонның тамаша баламасы, ол мобильді интернеттің барлық мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Beeline Қазақстан тиімді тарифтік жоспарды қоса отырып, телефон сатып алу кезінде үнем жасауға және жарты жыл бойы теңгерімді толтыру туралы бас қатырмауға тамаша мүмкіндік ұсынады», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас коммерциялық директоры Александр Комаров өз пікірін білдірді.

Alcatel One Touch Pixi first сәнді смартфоны Android 4.4 ОЖ-нің негізінде жасалған, төрт ядролы процессоры бар. Экранының диагональі 4 дюйм, екі SIM-картамен жұмыс істей алады. Үлкен көлемді жады – 4 ГБ кіріктірмелі жады және 512 МБ оперативті жады – жылдамдықты және смартфон жұмысының нақтылығын арттырады. Девайс екі камерамен жабдықталған – рұқсаты тиісінше 5 және 2 мегапиксель болатын негізгі және алдыңғы камералары бар. Бүгінгі таңда бұл смартфон өз сегментіндегі ең тартымды смартфон болып табылады.

Науқан барлық «Азбука Связи» салондарында әрекет етеді. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24