Beeline абоненттері трафикті шығындамастан 3G желісінде BeeTV көре алады

Beeline Қазақстан Beeline мобильді абоненттері үшін BeeTV сервисі тарифтік жоспарларының арнайы тізбегін іске қосқандығы туралы жариялайды.

Beeline ұялы байланыс абоненттері кез-келген гаджетті теледидарға айналдырып, 3G желісі қолжетімді болған барлық жерде эфирлік желі хабарларын көру мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл ретте, BeeTV жаңа тарифтік жоспарларының арқасында мобильді трафик шығындалмайды. Төлем жасау – күн сайынғы тарифтеу жолымен жүргізіледі және пакетіне қарай күніне 35, 55 немесе 70 теңгені құрайды, сондай-ақ сұрау бойынша бейне мен телехабар бағдарламаларын шексіз көруге болады.

Абонент үшін келесі BeeTV тарифтік жоспарлары қолжетімді: «Старт» — 35 арна, «Ультра» — 70 арна және 4500 сұрау бойынша бейне, «Премиум» — 94 арна және 5400 сұрау бойынша бейне.

«Үйдегі интернетті пайдаланушылар BeeTV сандық телевизиясына қол жеткізудің интерактивті сервисінің артықшылықтарын бағалап үлгерді. Енді бұл қызметтің мобилльді нұсқасы тек Wi-Fi желісі арқылы ғана емес, сонымен қатар 3G қамту шегінде де қолжетімді болуда. Жаңа тарифтік жоспарды қосқан кезде телевизияны көру тегін, жылдамдығы шектелмейді және мобильді интернет пакеттері шығындалмайды. Бұл ретте сүйікті хабарлар мен фильмдерді барлық жерде – көлікте, саябақтарда және сүйікті қоғамдық орындарда көруге болады. BeeTV қызметін пайдалану ыңғайлы бола түсті және ол көптеген артықшылықтарды ұсынады», — деп атап өтті «2Day Telecom» ЖШС (Beeline СМ) Коммерциялық директоры Сергей Нищев.

Қазіргі сәтте Google Play мен App Store қосымшаларынан BeeTV мобильді қосымшасы 7 мың рет жүктеп алынған. Сергей Нищевтің айтуы бойынша, 2020 жылға қарай 3G арқылы телевизия көрудің өсуі жарты миллион пайдаланушыға дейін жетеді деп күтілуде. Әзірге инновациялық сервис тек Beeline ұялы байланыс абоненттері үшін ғана қолжетімді, бірақ 2016 жылдың басында BeeTV көруге қол жеткізуді басқа мобильді операторлардың абоненттеріне ұсыну жоспарлануда.

BeeTV сандық телевизиясына қол жеткізудің интарактивті сервисі 2015 жылдың сәуір айында іске қосылған. Бұл қызметті Smart TV мен теледидарларға арналған приставкалар арқылы, Wi-Fi бар болған жағдайда мобильді құрылғылар мен компьютерлер арқылы, «Үйдегі Интернет» қызметінің сымды интернеті арқылы және 3G арқылы пайдалануға болады. 

Google


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24