Beeline Қазақстан Ақтөбе қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға интернет сыйлады

Beeline Қазақстан Ақтөбе қаласындағы есту хабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатын қосу арқылы «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік республикалық бастамасын жалғастырды.

Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған Ақтөбе облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат-колледжі Қазақстанның 10 қаласындағы әлеуметтік нысандарды тегін жылдамдықты интернетен қамтамасыз еткен қайырымдылық жобасының 14-ші қатысушысы болды.

Мектеп 1988 жылы құрылған, ал 2014 жылдан бастап мекеменің жанынан есту қабілеті бұзылған балаларға арналған Қазақстандағы жалғыз колледж жұмыс істейді. Балалардың шығармашылығы – осы ұйымның ерекше белгісі. Оқытушылар мектеп жанынан құрылған үйірмелердегі сабақтарды оқыту-тәрбиелеу жұмысының құрамдас бөлігіне айналдырды. Оқушылар үлкен тізімнен өзінің әуестігін таңдай алады, оған келесілер енгізілген: құрастыру, сурет салу, мүсіндеу, кесте тігу, қолданбалы өнер, хореография. Бұл сабақтар балалардың өз күшіне деген сенімін нығайтуға және өзін-өзі жоғары бағалауына көмектеседі.

«Арнайы түзету мектебінің міндеттерінің бірі – есту қабілеті бұзылған балалардың қолжетімді, қызықты және қажетті кәсіпке қол жеткізуіне жәрдемдесу болып табылады. Негізгі мектепті тәмамдағаннан кейін оқушылар өз қалауы бойынша біздің колледжде оқуын жалғастырып, кәсіби білім алады. Интернет балалар мен оқытушыларға елеулі көмек көрсетуге арналған – біз басқа мекемелелермен тәжірибе алмасуды, мамандарымыздың біліктілігін арттыруда жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Темиржан Бурин, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған Ақтөбе облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат-колледжінің директоры.

«Beeline-ның Қазақстандағы әлеуметтік жобаларының негізгі бағыты – халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына, әсіресе өсіп келе жатқан ұрпаққа көмектесу болып табылады. 2015 жылы «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы бойынша интернетке қосылғандардың арасындағы 10 ұйым мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды бейімдеумен айналысады. Осы бастаманы іске қосқан кезде, біз оның соншалықты зор мүмкіндіктерді ұсына алатынын білмеген де едік. Интернет – ақпаратқа қол жеткізу ғана емес. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бұл – арнайы білім алып, келешекте лайықты жұмыс табу мүмкіндігі. Біз өз жобамыздың қашықтан оқыту, әр-түрлі салаларда қашықтық тәртіптемеде жұмыс істеу, пайдалы тілдесу мүмкіншіліктеріне жол ашып жатқанына қуаныштымыз», — деп түсіндірді Сергей Нищев, «2Day Telecom» (Beeline Қазақстан) компаниясының Коммерциялық директоры.

Beeline Business корпоративтік брендінің «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік бағдарламасы 2015 жылдың шілде айында белсенді қызметінің бір жылдығын атап өтті. Жобаның аясында Павлодар, Алматы, Шымкент, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Атырау және Ақтөбе қалаларындағы 14 ұйым тегін интернетті пайдалануда. Жоба Қазақстандағы Vimpelcom тобының «Make Your Mark» («Өз ізіңді қалдыр») жаһандық әлеуметтік бастамасының флагманына айналды. 2016 жылы «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық қайырымдылық жобасы өз жұмысын жалғастырады – бүкіл Қазақстан бойынша тағы 10 ұйымды қосу жоспарлануда. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24