Beeline Қазақстан мобильді интернет қызметтерінің қатарын толықтай жаңартады

Beeline Қазақстан компаниясы мобильді интернет өнімдерінің сапалы жаңартылған қатарын ұсынады. Бұл өзгерістер қазанда ашылған «Бәрі» тарифтік жоспарының қисынды жалғасы. Жаңа қоржын, клиенттердің таңдауына қолайлы болуы үшін, топтамалық және бір жолғы ұсыныстарды қамтыған.

«Компания стратегиясын жүзеге асырудың бірізділігін қамтамасыз ету барысында, біз, мобильді интернет қызметтеріне толықтай сараптама жасадық, нәтижесінде оларды оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Ағымдағы ұсыныстардың орнына айқын басымдықтары бар жаңа амал-шарттар келеді. Жаңа data-қатарлардың қызметтері түгелге жуық актуальді тарифтік жоспарлармен, соның ішінде жақында ғана ашылып, танымалдылығы артып келе жатқан «Бәрі» тарифтік жоспарымен бірге қолданылады. Бұл бірегей ерекшелік клиент таңдауына шек қоймай, оған толық еркіндік береді және оны қолдану өте қарапайым әрі ыңғайлы. Абонент өз қалауы бойынша, өзіне ұнаған кез келген топтаманы таңдап, оған қажеттілігіне сай кез келген амал-шартты қоса алады», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас коммерциялық директоры Александр Комаров жаңа өнімнің ашылуы туралы өз пікірін білдірді.

data-қызметтің жаңа қатары алты ұсынысты қамтиды. Ай сайынғы абоненттік төлем негізіндегі топтамалар таңдауыңызға 3, 5, 12, 20 және 30 Гб интернет-трафик ұсынады. Топтамалардың құны сәйкесінше 690, 890, 1390, 1890 және 2390 теңгені құрайды. Трафик таусылған жағдайда, клиент, күннің соңына дейін (күн сайынғы интернет топтамамен) немесе айдың соңына дейін (ай сайынғы интернет топтамамен) әрекет ететін, атаулы құны 1 ГБ-тан 10 ГБ-қа дейінгі бір жолғы топтамаларды қоса алады. Топтама бір рет қосылады, оны өшіру қажет емес.

Жаңа data-қатардың тағы бір ерекшелігі – абоненттік төлемнің әр айдың бірінші жұлдызында ұсталуы, бұл клиентті алдыңғы ұсталымдардың күнін есте сақтау қажеттілігінен құтқарады. Қызмет кеш қосылса, теңгерімнің ұсталуы және трафиктің берілуі айдың соңына дейін қалған күндерге сай жүреді.

Бұдан бөлек, тақырыптық контентке шексіз қосылу мүмкіндігін ұсынатын, «Музыка», «Хабарлама», «Бейне жазба» және «Әлеуметтік желілер» топтамаларын қамтитын «Дербес интернет+» қызметі де жаңартылды. Соның арқасында клиенттер тәулігіне 24 сағат музыка тыңдап, сүйікті фильмдерін көріп, достарымен емін-еркін сөйлесе алады. WhatsApp, Вконтакте, Facebook тәрізді сүйікті ресурстардан трафик аяғысы келмейтін шебер интернет қолданушылар үшін, бұл қызметтер топтамасы теңдессіз толықтауыш болып табылады.  


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24