Eurasia Mobile Challenge байқауының ұлттық кезеңінің жеңімпаздары жарияланды

VimpelCom Ltd. және Beeline Қазақстан бизнес бірлігі «Eurasia Mobile Challenge» байқауының жеңімпаздарын жариялады. Байқауға қатысуға өтініш берген 550-астам жас кәсіпкерлер арасынан, ұлттық қазылар алқасы, байқау өткен әр елден үш жеңімпазды таңдады.

Жеңімпаздар:

Армениядан:

  • DailyDoc
  • Localz
  • Medlee

Грузиядан:

  • Cherrytea
  • iTraineeCoach
  • Treepex

Қазақстаннан:

  • mDirect
  • Once
  • Я Волонтер

Қырғызстаннан:

  • Artasian
  • Easy Taxi
  • Multilingual Social Network

Тәжікстаннан:

  • RegTra
  • HouseShare
  • Mobile Order

Өзбекстаннан:

  • rank.uz
  • Stolik
  • Идеальные услуги

Барлық жүлдегерлер 27 – 28 қаңтарда Мәскеуде өтетін аймақтық ақтық байқауға қатысуға шақырту алды.

Йогеш Малик (Yogesh Malik), VimpelCom компаниялар тобының техникалық директоры: «VimpelCom компаниясында біз үнемі бизнеске арналған инновациялық шешімдерді іздестіреміз. Eurasia Mobile Challenge байқауы жас әрі дарынды кәсіпкерлерге тәжірибеде жүзеге асыруға болатын өз креативті ойларын таныстыру мүмкіндігін ұсынады. Сол себепті, салада жаңа бағытты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдеттен тыс альтернативті ойлардың шабыттандыратын мысалын көреміз деп үміттенемін. Мен оларды қаңтарда Мәскеуде өтетін аймақтық ақтық байқауда асыға күтемін», — деп өз ойымен бөлісті.

«Beeline Компаниясы, Қазақстанның әлеуметтік жобаларын белсене қолдайды, солардың ішінде негізгі бағыттардың бірі – жас кәсіпкерлерді қолдау. Мобильді қосымшалар байқауы – бұл өз жобаңды таныстыру, стартап шеберлерінен кеңес алу және өз бизнесіңді дамыту мүмкіндігі. Осындай мүмкіндік беріп, сәттілікке бірге жеткеніміз үшін біз қуаныштымыз. Қазылар алқасы «Мобильді қосымшалардың Еуразиялық кубогы» ақтық байқауына Қазақстанның атынан қатысатын үш команданы таңдады. Компанияның атынан және жеке өз атымнан қатысушыларға байқауда және идеяларын ары қарай дамытуда сәттілік тілеймін», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко өз ойын білдірді.

Eurasia Mobile Challenge байқауы осы жылы қыркүйекте басталды. Бұл «Ізіңді қалдыр» (Make Your Mark) бағдарламасының бір бөлшегі ретінде VimpelCom компаниясы жүргізетін жобалардың бірі. Жарыс Huawei Technologies Co, Ltd компаниясымен бірге өткізіледі. Байқау барысында жас кәсіпкерлер келесі салалардың бірінде ары қарай даму үшін маңызды бекет болатын мобильді шешімдер ұсынуға міндеттелді, ол салалар: «Ойын-сауық және мәдениет», «Қоршаған ортаға арналған пайда», «Қоғамға арналған пайда» және «Басқасы». Командаларды мына санаттар бойынша жаттықтырады және бағалайды, олар инновациялылық, жергілікті қоғам үшін маңыздылығы, масштабталуы, бірегейлігі және бизнес-үлгінің мақсаттылығы. Тәлімгерлер мен қазылар — отандық және халықаралық танымал кәсіпкерлер, сондай-ақ VimpelCom компаниясының жетекшілері.

Жеңімпаз-командалар аймақтық ақытық мәреге шақырту алады, ол жерде олар өз жобаларын таныстырады. Еуразия аймағынан үш жеңімпаз 2016 жылы 22 – 26 ақпанда Барселонада Mobile World Congress дүниежүзілік мобильді конгресс аясында өтетін Global Mobile Challenge халықаралық байқауының ақтық сынына қатысуға іріктеліп алынады. 

Huawei


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24