Beeline Қазақстан Үйдегі Интернет және BeeTV қызметтерін көшіру сервисін іске қосты

Beeline Қазақстан компаниясы тұрғылықты жерін өзгерткен кезде «Үйдегі Интернет» және BeeTV қызметтерін сақтап қалуды қалайтын абоненттер үшін «Көшу» сервисінің іске қосылғандығы туралы мәлімдейді.

Енді жаңа пәтерге көшкен кезде, егер жаңа жерде теникалық мүмкіндіктер бар болса «Үйдегі Интернет» және BeeTV қызметтерін өзіңмен бірге көшіруге болады. Абоненттер қолданыстағы шартты, логинді, тарифтік жоспарды, тұлғалық шот теңгерімін, құрал-жабдықты және барлық қосылған қызметтерді сақтап қалады. Бұл қызмет бір қаланың шегінде көшкен жағдайда қолданылады.

«Таяуда біз теңдесі жоқ «Әрдайым» акциясын іске қосқан болатынбыз, ол бойынша «Үйдегі Интернетті» пайдаланудың бүкіл уақыты бойына үйдегі интернетке тиімді бағалар белгіленген. Бұрын пайдаланушылар көшкен кезде жаңа шарт жасауға мәжбүр болатын, ал қазір шот теңгерімі мен логинін, және ең бастысы, хитке айналған акциялардың шарттарын сақтап қалады. Абоненттер жаңа ыңғайлы сервисті лайықты деңгейде бағалайтынына сенімдімін», — деп түсіндірді «2Day Telecom» ЖШС (Beeline СМ) Коммерциялық директоры Сергей Нищев.

Естеріңізге сала кетсек, «Әрдайым» акциясы бойынша пайдаланушылар жоғарырақ жылдамдықпен және барынша тиімді бағамен үйдегі интернетке қол жеткізеді. «Әрдайым» тарифтік жоспарлары тізбегі үйдегі интернеттің классикалық жылдамдық параметрлерінің ұлғаюымен ерекшеленеді. Жылдамдықтың жаңа градациясы 20, 40, 80 және 100 Мбит/сек. Параметрлердің жақсаруы – құнының бір уақытта төмендеуімен үйлескен және ол «Үйдегі Интернет» қызметін пайдаланудың бүкіл уақытында акция қатысушысының атына бекітіледі. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24