Beeline Қазақстанның басқарушы командасының құрамындағы өзгерістер: Александр Комаров Компанияның Бас атқарушы директоры лауазымында Тарас Пархоменконы ауыстырды

Тарас Пархоменко 2015 жылы 31 желтоқсанда Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры лауазымындағы өз қызметін аяқтады, ол компанияны 3 жыл басқарған. 2013 жылғы шілдеден бері компанияның Бас коммерциялық директоры болып қызмет атқарған Александр Комаров 2016 жылғы қаңтардан бастап Beeline Қазақстан компаниясының басшысы болды.

Тарас Пархоменко өзгеріс туралы: «Менің еңбек шартым аяқталды. Өткен шаққа көз жібере отырып, бұл тамаша үш жыл болды деп айта аламын. Мен үшін бұл – әлеуетті кәсіпқой мамандар тобына жетекшілік ете отырып, нарықтық қатаң бәсекелестік пен дамыған технология жағдайында жұмыс істеудің тамаша тәжірибесі болды. Осы үш жылда біз, компанияның нарықтағы орынын нығайтып, абоненттік базаны кеңейттік. Бүгін Beeline белсенді түрде санды/digital компанияға айналуда және алдыда көптеген күрделі әрі үлкен мақсаттар тұр. Мен Александрға және Beeline Қазақстанның бүкіл командасына өздерінің бүкіл әрекеттерімен, Қазақстанның барлық адамдарына прогресс әкелуді, сол арқылы олардың өмірлерін жақсартып, өсу және даму үшін жаңа мүмкіндіктер беруін тілеймін», — деп өз пікірін білдірді.

Тарас Пархоменконың жетекшілігімен компания абоненттер саны бойынша нарықтағы үлесін 5%-ға, ал табыстылық бойынша нарықтағы үлесін (EBITDA) 40%-ға арттырды. Оператордың клиенттер саны 14%-ға жоғарылап, осы уақыт аралығында миллионнан астам адам Beeline-ға қосылды. Интернетті тұтыну бес есеге артты, ал мәліметтерді жолдау түсімі 76%-ға жоғарылады. Компания сымды интернетке Қазақстанның барлық облыс орталықтарын қосып, осы сегменттегі түсімін 53%-ға өсірді. «Үйдегі Интернеттің» клиенттік базасы 38%-ға өсіп, 400 мыңнан астам түсімді құрады. Компанияда «Жылы жүрек» ерікті қызметкерлер қозғалысы құрылды. Beeline Қазақстанның 500-астам қызметкері осы бастамаға қосылып, шамамен 10 000 адам көмек алды. 2015 жылы «National Business» іскерлік талдамалық журналы Тарас Пархоменконы Қазақстанның үздік 10 СЕО қатарына қосты. 2013 жылы ол Vlast.kz сараптамалық интернет-журналының жыл сайынғы «Жыл адамы» бәйгесінің нұсқасы бойынша «Жыл менеджері» болып танылды.

«Мен үшін нарықтық трансформация жағдайында компанияны басқару — бұл үлкен сын. Алдымызда өте қызықты шақтар тұр — 4G желісін құру және іске қосу, мобильді қаржыларды дамыту, мобильді және тұрақты қызметтерді бір топтамаға біріктіру және басқалары. Beeline-да ең бастысы – әлеуетті кәсіпқой мамандар тобы мен дені сау корпоративтік мәдениет бар және мен, бәріміз бірге биік нәтижелерге жететінімізге сенімдімін», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз ойымен бөлісті. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24