Beeline Қазақстанның еріктілері жағдайы төмен отбасылардың балаларын Жаңа жылмен құттықтады

Beeline Қазақстан компаниясының ерікті-қызметкерлері корпоративтік «Жылы Жүрек» еріктілер бағдарламасы аясында, Жаңа 2016 жыл қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды құттықтады.

Жаңа жыл мерекелері қарсаңында бүкіл Қазақстан бойынша шамамен 100 шақты көп балалы отбасы Beeline Қазақстан компаниясының еріктілерінен жаңа жылдық тәттілермен, жемістермен, балалар гигиенасының бұйымдарымен, сондай-ақ кеңсе қажеттілігі жинақтарымен жинақталған сыйлықтар алды. Одан бөлек, компания қызметкерлері балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауға көп көңіл бөлді. Кейбір аймақтарда еріктілер балалардың ертеңгіліктері мен жаңа жылдық қойылымдарына белсене қатысты. Астана мен Алматыдағы еріктілер жобасына Beeline Қазақстанның топ-менеджменті ерекше араласты. Жалпы жаңа жылдық еріктілер бағдарламасына компанияның 1000 шақты ерікті-қызметкерлері қатысты.

«Жаңа жылдық мереке – бұл ғажайыптар мен армандардың орындалуын күту уақыты. Компанияның еріктілері осы жобаны іске асыра отырып, Жаңа жыл қарсаңында бала өсіріп отырған әр үйге қуаныш пен жақсылық орнауына зор үлес қосты. Қызметкерлеріміздің «Жылы жүрек» еріктілер жобасына немқұрайлы қарамайтынын және әрдайым оған қуана атсалысатынын көру қатты қуантады», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз пікірін білдірді.

Жаңа жылдық еріктілер жобасы Beeline Қазақстанда дәстүрлі түрде өтіп келеді. Мұндай іс-шараны еріктілер, қатарынан екінші жыл ұйымдастыруда. Өткен жылы жоба балалар үйінің тәрбиеленушілері мен компанияның қарамағындағы ұйымдарға бағытталған.

Еріктілердің «Жылы жүрек» корпоративтік бағдарламасы Beeline Қазақстан компаниясында 2014 жылдың аяғына қарай басталған. Қазіргі уақытта Компанияның барлық филиалдарында еріктілер ұяшықтары құрылды. Мыңнан астам қызметкер өз жұмыс уақыты мен тәжірибесін және білімін жұмсай отырып, еріктілер жобасына белсене қатысуда. Жыл басынан бері Beeline еріктілері бірқатар экологиялық іс-шараларды атқарып, Алматы, Орал, Қостанай, Қарағанды қалаларында ағаш отырғызды, «Өмір жолы» бағдарламасына, Жеңіс күні мерекесіне, Балаларды қорғау күніне, «Мектепке жол» науқанына қатысты. Осы жылғы күзде компанияның ерікті-қызметкерлері Қазақстан аумағындағы әртүрлі әлеуметтік нысандар мен жағдайы төмен отбасыларға арналған бұйымдарды жинау бойынша қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24