Beeline БАӘ-де, Гонконгта және Шри-Ланкада роумингтің шарттарын жақсартады

Beeline Қазақстан 2015 жылғы 28 желтоқсаннан бастап, роумингтің танымал «Жеңіл роуминг+», «Супервиза», «СуперВиза L» және «СуперВиза XL» қызметтері Біріккен Араб Әмірліктерінде, Гонконгта және Шри-Ланкада әрекет ететінін хабарлайды.

Бұл қызметтер Beeline Қазақстан клиенттері арасында жоғары сұранысқа ие. Олар компания абоненттеріне 60-астам танымал туристік бағыттарда роумингтің ең тиімді тарифтерімен байланыста болуға мүмкіндік береді.

Мысалы, «Жеңіл роуминг+» қызметінің шарттары бойынша роумингтегі келген қоңыраудың бір минутының, SMS-тің немесе 1 МВ мобильді интернеттің құны — БАӘ-де, Гонконгта немесе Шри-Ланкада 39 теңгені, «СуперВиза L» қызметінің шарттары бойынша небары 20 теңгені құрайды. 2990 теңгеге «СуперВиза XL» қызметін қосқан жағдайда Сізге, қоңырауларға арналған 50 минут, 50 SMS және 10 күн бойы шексіз интернет беріледі.

«Біз өз клиенттеріміздің қамын ойлаймыз. Олардың қажеттілікттері мен мүдделеріне жауап беруге үнемі тырысамыз. Клиенттеріміздің тиімді тарифтерді елімізде ғана емес, шет елдерде, әсіресе БАӘ, Гонконг және Шри-Ланка тәрізді қазақстандықтардың арасында танымал бағыттарда пайдаланғаны біз үшін маңызды. Жаңа бастамаға Beeline абоненттері лайықты бағасын беретініне және ол, абоненттеріміздің демалыс пен саяхат кезіндегі алған жаңа әсерлерін бөлісуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз пікірін білдірді.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24