Beeline тауарлар мен қызметтердің ақысын мобильді телефон теңгерімінен төлеу мүмкіндігін ұсынады

Beeline Қазақстан бірегей money.beeline.kz қызметінің ашылғанын хабарлайды, оның көмегімен телефон шотындағы қаражатты пайдалана отырып, тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеуге болады.

Beeline Қазақстан телефонынан жергілікті және шет ел операторларының ұялы және қалалық телефондары теңгерімін төлеуге; желілік және купондық қызметтерден тауарлар сатып алуға; букмекерлік және ойын шоттарын төлеуге; коммуналдық қызметтер, интернет, телевидение және білім ақыларын тұрақты төлеуге болады. Сондай-ақ Beeline клиенттері жарнама, хостинг және басқа да қызметтердің ақысын төлей алады, алдағы уақытта төлем түрлері көбейе түспек.

«Жаңа 2016 жылдан бастап, мобильді байланыс операторларына мобильді қаржы саласында клиенттік қызметтерді ашу мүмкіндігі берілді. Бұл – мобильді коммерция саласында шағын және орта бизнесті дамытуға арналған үлкен қадам. Бүгін біз телефон шотындағы қаражатты қолдана отырып, әртүрлі қызметтер мен сервистердің ақысын төлеуге болатын тамаша мүмкіндіктің ашылғанын жариялаймыз. Телефон теңгерімін әмиянға айналдыру мүмкіндігін ұсына отырып, сатып алу үрдісін бұрынғыдан да жеңілдеттік», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров төлем қызметінің ашылғаны туралы өз пікірін білдірді.

money.beeline.kz төлем қызметінің ресурсында Beeline клиенттері 146 сервистер мен қызметтердің ақысын төлей алады. Бірегей төлем қызметіндегі Beeline Қазақстанның негізгі серіктестері: «Билайн» (Ресей), «МТС» (Ресей), «Радиобайланыс», «Chocolife.me», «Besmart», «Alfa.kz», «Колёса», «Крыша», «Tiketon», «Avon», «Oriflame», «Faberlic», «Mary Kay», «Гол+Пас», «Olimp», «Tennisi.kz», «Profit», «World of tanks», «Alma TV», «Otau TV», «Icon», «Алсеко», «Астана Газ Сервис», «Домофон-Сити», «Аларм Сервис» және «ИС Параграф» болды.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24