«Көптеген сыйлықтар» науқанының қорытындысы

Beeline Қазақстан жаңа жылдық «Көптеген сыйлықтар» науқанының қорытындысын шығарды, соңғы ойында 10 миллионнан астам теңге ойнатылды.

2015 жылғы 2 қараша мен 28 желтоқсан аралығында Beeline абоненттері жаңа жылдық «Көптеген сыйлықтар» науқанына қатысты, науқан барысында олар теңгерімді белгілі бір сомаға толтырғаны үшін Минуттар, SMS-тер, Мегабайттар түріндегі кепілді бонустар алды. 2 қараша мен 27 желтоқсан аралығында күн сайын науқан қатысушыларының арасында 200 000 теңге көлеміндегі жүлде ойнатылды, ал науқанның ақтық ойынында – 28 желтоқсанда – 5 000 000 теңге ойнатылды.

Науқан қорытындысы бойынша 200 000 теңгені Алматыдан 6 абонент, Оралдан 4 абонент, Павлодардан 3 абонент, Ақтөбе, Ақтау және Екібастұз қалаларынан 2 абоненттен, Жезқазғаннан, Рудныйдан, Жаңаөзеннен, Теміртаудан, Қарағандыдан, Тараздан, Түркістаннан және Шымкенттен 1 абоненттен иеленді. Бас жүлде – 5 000 000 теңге – Түркістан қаласының тұрғыны Ырысбаев Ділмұхаммадқа бұйырды.

«Жаңа жыл қарсаңында, ересек адам болсаң да ғажайыпқа сеніп, Аяз Атадан сыйлық алғың келеді. Beeline Аяз Ата рөліндегі танымал актерлармен бірге 28 қазақстандықты қуанышқа бөледі. Beeline Қазақстан компаниясының атынан «Көптеген сыйлықтар» науқанының барлық жеңімпаздарын құттықтаймын және барлық абоненттерге қатысқаны үшін алғыс айтамын», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Шымкенттік бөлімшесінің директоры Асқарбек Қазбеков науқанның қорытындысы туралы өз пікірін білдірді.

 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24