Beeline Қазақстан компаниясының Операциялық тиімділік директоры болып Константин Федорец тағайындалды

Beeline Қазақстан Константин Федорецтің Операциялық тиімділік директоры болып тағайындалғанын хабарлайды.

Операциялық тиімділік дирекциясының міндеті — компанияның бизнес үдерістерін оңтайландыруға және шығындарын төмендетуге бағытталған түрлендірмелі бағдарламалар мен басқа да бірқатар бастамаларды енгізу.

Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров тағайындалу туралы өз пікірін былай білдірді: «Beeline компаниясының алдында күрделі міндеттер тұр, тиімді бағаға сапалы қызметтерді көрсете отырып, клиенттердің қажеттіліктеріне сай болу керек. Константин Федорецтің басты міндеті – тиімділікті жоғарылатуға, бизнес-үдерістерді оңтайландыруға бағытталған түрлендімелі бағдарламларын және басқа да бастамаларды енгізу. Заманауи нарық жағдайында әр аспект бизнестің дамуына үлкен әсер етеді».

«Телекоммуникация саласы – бәсекелестігі жоғары және қарқынды дамушы нарықтың бірі», — деп Константин Федорец өз пікірін білдірді. «Менен басшылық күткен шешімдер, нарық талап еткен шарттарға сай болуы керек. Жаңа лауазымға шақырғаны үшін алғысымды білдіремін, компанияның сәтті жұмыс істейтініне сенімдімін!»


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24