Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары «Оңай» көлік карталарын Beeline Қазақстан мобильді телефонының теңгерімінен толтыра алады

2016 жылы ақпанда Beeline Қазақстан клиенттеріне «Оңай» көлік карталарының теңгерімін үстеме ақысыз, SMS хабарлама және money.beeline.kz төлем қызметі арқылы толтыру мүмкіндігі туындайды.

«Біз жолаушыларға «ОҢАЙ» карталарын қолдануды барынша ыңғайлы етіп жасағымыз келеді. Beeline Қазақстан компаниясымен бірге жұмыс істегеннің арқасында, енді «ОҢАЙ» төлем карталарын ұялы телефонның теңгерімінен толтыруға болады», — деп «Алматы қаласы Көлік холдингі» ЖШС Басқарма Төрағасы Рифат Абдурманов хабарлады.

«money.beeline.kz бірегей төлем қызметі ашылғалы бері бір айдан аз уақыт өтті. Осы уақыт аралығында Beeline клиенттері оған қызығушылық танытуда. Қызметтер сұрыптамасын кеңейте отырып, біз алматылықтарға «ОҢАЙ» көлік карталарын өз жаңа қызметіміз арқылы толтыру мүмкіндігін ашуды жоспарлап отырмыз. Қазір қызметті сынақтан өткізу аяқталып қалды, жақында Beeline Қазақстан мен «Алматы қаласы Көлік холдингі» оның ашылғанын жариялайды», — деп Beeline Қазақстан компаниясы Корпоративтік қатынас қызметінің директоры Алексей Бендзь өз ойымен бөлісті.

2016 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласының қоғамдық көлігі «ОҢАЙ» электронды билет беру жүйесіне көшкенін естеріңізге саламыз. Бірыңғай көлік картасының құны 400 теңге, оған: бір жол жүру төлемінің сомасы – 80 теңге, сондай-ақ кепіл сомасы – 320 теңге кіреді, карта қайтарылған жағдайда кепіл сомасы қайтарылады. Картаны қаланың барлық жерлеріндегі «ОҢАЙ» жапсырмасы жабыстырылған сату нүктелерінен, тексерушілерден және қоғамдық көлік жүргізушілерінен алуға болады. 2016 жылғы 11 қаңтар мен 20 қаңтар аралығында «ОҢАЙ» карталары арқылы 4 595 367 транзакция жасалып, жалпы сомасы 292 891 340 теңгені құрады. 2016 жылғы 20 қаңтарға дейін 776 680 көлік картасы жасалып, тапсырылды, олардың 357 631 картасы жеңілдіктер негізінде берілді.

Көлік картасының теңгерімін барлық «QIWI» терминалдары арқылы, «Казкоммерцбанк» АҚ қаржылық порталы, «Касса24», «QIWI Кошелек», «Kaspi Bank» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ, «СБЕРБАНК» АҚ терминалдары, «Астана Банкі» АҚ, «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ, «Altyn Bank» ( «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ, «Bank RBK» АҚ интернет-банкингі, АЛМАТЫ АЙМАҒЫ «PROFIT LLP» ЖШС АЛМАТЫ (төлем жүйесі), АЛМАТЫ АЙМАҒЫ «АЙМАҚТЫҚ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ» ЖШС (төлем жүйесі), АЛМАТЫ «ЭКСПРЕСС Mit» ЖШС (төлем жүйесі), ВОСТОК Романенко ЖК ИА Семей қ. (төлем жүйесі), «Жедел төлем жүйелері» ЖШС (төлем жүйесі); Қазақстан Республикасының электронды төлем жүйесі – www.e-kzt.kz (e-kzt.kz КЦМР), QIWI POS Pax (қолма-қол касса), QIWI Кассир (қолма-қол касса), QIWI Кассир Android (қолма-қол касса) арқылы төлеуге болады.

money.beeline.kz төлем қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алған электронды ақша серіктес-операторларының және Қазақстан Республикасының өкілетті банктерінің қатысуымен ұсынылған.

Qiwi


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24