Beeline Қазақстан Қызылордадағы құлағы нашар еститін балаларға арналған мектепті интернетке қосты

Beeline Қазақстан «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық қайырымдылқ жобасының жалғасып жатқанын хабарлайды: 2016 жылғы бірінші нысан — Қызылорда қаласындағы нашар еститін балаларға арналған №6 арнайы мектеп-интернат болды.

Нашар еститін балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Қызылорда қаласында 2002 жылы 1 қыркүйекте ашылған. Қазір интернатта 88 бала тәлім алуда, олар даму кемшілігін түзетудің және білім берудің арнайы әдістерін қолдану арқылы жалпы мектеп пәндерін оқиды.

«Біздің заманымызда интернетсіз өте қиын. Бұл — еститіндер мен нашар еститіндерге бірдей жағдай мен мүмкіндік жасалған орта. Интернетте барлығы тең және осы, шекараның жоқтығы балалардың болашағы үшін аса маңызды. Жалпы оқыту үрдісі туралы айтар болсақ, технология – нашар еститін балаларды әлеуметтендіру ісіндегі біздің басты көмекшіміз. Біз балалардың есту қабілетін түзетуге арналған арнайы техникалық құралдарды қолдана отырып, топтық және жеке сабақтар өткіземіз, ол құралдар: нашар еститін оқушыларға арналған сурдотехникалық бағдарламалар, топтық және жеке дыбыс күшейткіш аппараттар. Интернет бізге оқытудың барлық кезеңдерінде көмектесуі тиіс», — деп Қызылорда қаласындағы нашар еститін балаларға арналған №6 арнайы мектеп-интернатының директоры Қуаныш Изатуллаев өз пікірін білдірді.

«Біз Қызылорданы өз желімізге өткен жылдың күзінде қостық, қазір Beeline-ның ұшқыр сымды интернеті еліміздің барлық ірі қалаларында бар. 2016 жылы біз, шынымен мұқтаж жандармен қолымыздағы бағалы ресурстармен бөлісуге дайын екеніміздің белгісі ретінде, «Шексіз мүмкіндіктер» жобасының жалаушаларымен жаңа қалаларды «белгілеуді» жалғастырамыз. Желтоқсанға дейін Beeline, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі он әлеуметтік мекемеге тегін интернет сыйлайды», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз ойымен бөлісті.

Beeline Business корпоративтік брендінің «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік бағдарламасы 2014 жылы шілдеде басталды. Қайырымдылық бастамасының аясында Қазір Павлодар, Алматы, Шымкент, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Атырау, Қызылорда және Ақтөбе тәрізді Қазақстанның 11 қаласындағы әлеуметтік мәртебедегі 15 мекеме тегін ұшқыр интернетті қолдануда. Жоба Қазақстандағы Vimpelcom тобының «Make Your Mark» (Ізіңді қалдыр) жаһандық әлеуметтік бастамасының жол басшысы болып табылады. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24