Қазақстандықтар “Eurasia Mobile Challenge” мобильді қосымшалардың халықаралық байқауында екінші орынды иеленді

Қазақстан командасы 28 қаңтар күні Мәскеуде өткен Eurasia Mobile Challenge мобильді қосымшалардың халықаралық байқауында күміс жүлдеге қол жеткізді. Соңғы аймақтық кезең аяқталған соң, бұл командалар 2016 жылғы 22-26 ақпан күндері Барселонада Мобильді байланыстың дүниежүзілік конгрессі аясында өтетін Global Mobile Challenge байқауының әлемдік ақтық байқауына аттанады.

Байқауға қатысуға өтініш берген жас кәсіпкерлердің 550-астам командасынан, қазылар жобаға қатысушы жеті елдің әрбірінен үш команда таңдап алды. Қазақстан командасы мобильді шешімі бар mDirect жобасымен екінші орынды иеленді, ол жоба автокөліктің қосалқы бөлшектерін сатып алушыларт мен сатушыларды өте оңай әрі интеллектуалды қосады. Жеңімпаз командалардың қатарында – Қырғызстандық ARTASIAN командасы бар, жобасы – Орта Азиялық қол өнер шеберлерінің бірегей тауарларын дамытуға және сатуға арналған мобильді қосымша. Үшінші орынға мейрамхананы таңдап, орын броньдауға мүмкіндік беретін Stolik қосымшасымен Өзбекстан командасы тұрақтады.

«VimpelCom компаниясында біз прогрессивті және ерекше ойлау қабілетті құптаймыз. Біз клиенттеріміздің өмірін жақсарта түсетін инновациялық өнімдер мен қызметтерге тұрақты түрде инвестиция саламыз. Мобильді технологиялар санды революцияның негізгі қозғалтқышы болып тұрған дәуірде барлық назар әлеуетті техникалық кадрларға бай Еуразия аймағына бағытталуы тиіс. Болашақ сәттілік пен ілгерілеу осы жоғары серпінді аймақтың өз стартап-экожүйесін қалай дамытатынына байланысты болады. Байқауда жеңіске жеткен үш жоба ғаламдық көлемде де үлкен жаңалық деп ойлаймын және Еуразия кубогының жеңімпаздарына Барселонада өтетін ақтық байқауда барлық сәттілікті тілеймін», — деп VimpelCom компаниялар тобының техникалық директоры Йогеш Малик атап өтті.

«Күнделікті өмірде сандық шешімдер жылдам дамуда және одан да жылдам дамиды. Біздің міндетіміз – өмір сапасын жақсартуға көмектесетін және әдеттегі заттарды қолдануға ыңғайлырақ ететін кәсіпкерлерді табу және қолдау көрсету. Тек бизнес емес, басқа компаниялар өз кәсібін дамыту үшін қолдана алатын, сатып алушы мен сатушының арасындағы өзара қарым-қатынасқа арналған инфроқұрылымды құратын идеялар маған өте ұнайды. Аймақтық байқауда Қазақстандық команданың жүлделі орын алғанын және Барселонадағы мобильді индустрияның кең көлемді іс-шарасына қатысатынын мақтан тұтамын» — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз пікірін білдірді.

«Біз үшін бұл жоба – жаңа бағыт, бірақ біз нарықта мұндай қызметтің жетіспейтініне сенімдіміз. Оған қоса, осындай айтулы байқауда жеңіске жеткеніміз біздің дұрыс жолда екенімізді дәлелдейді. Ал ұтып алған грантпен біз, жобаны жылдам бастай аламыз!» — деп mDirect жобасының негізін қалаушы Вадим Лю өз ойымен бөлісті.

«Еуразияның мобильді байқауы» 2015 жылы қыркүйекте басталды және бұл VimpelCom компаниясының «Ізіңді қалдыр» (Make Your Mark) бастамасының аясында өтуде. Жарыс Huawei Technologies Co, Ltd компаниясымен бірге өткізіледі және Еуразияда белсенді сандық стартап-экожүйені, сондай-ақ мобильді шешімдерді жасауға және жүзеге асыруға қажетті технологиялық құралдарды, тәжірибе мен қажетті білімді дамытуға бағытталған.

Байқау барысында жас кәсіпкерлер келесі салалардың бірінде ары қарай даму үшін мобильді шешімдер ұсынуға міндеттелді, ол салалар: «Ойын-сауық және мәдениет», «Қоршаған ортаға арналған пайда», «Қоғамға арналған пайда» және «Басқасы». Тәлімгерлер мен қазылар — отандық және халықаралық танымал кәсіпкерлер, сондай-ақ VimpelCom компаниясының жетекшілері болды. Олар қатысушыларға жергілікті қоғамның талаптарын барынша қанағаттандыратын өнімді қалай жасау керектігі және оны ұлттық және халықаралық деңгейлерге қалай көтеруге болатыны туралы пайдалы кеңестер берді. 

Huawei


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24