Beeline абоненттері «ОҢАЙ» карталарын мобильді нөмірдің теңгерімін қолдану арқылы толтыра алады

«Алматы қаласы Көлік холдингі» ЖШС Beeline Қазақстан компаниясымен бірге, «ОҢАЙ» көлік карталарының теңгерімін SMS хабарлама арқылы және money.beeline.kz төлем қызметі арқылы үстеме ақысыз толтыру мүмкіндігі ашылғанын хабарлайды.

«ОҢАЙ» көлік карталарының теңгерімін SMS хабарлама арқылы толтыруға болады. Ол үшін Beeline абоненттері «2020» қысқа нөміріне «сома onay картаның нөмірі» мәтіні жазылған SMS хабарлама жіберуі керек. Мысалы, абонент №9643108503301998953 картасын 100 теңгеге толтыруды қаласа, былай жолдайды «100 onay 9643108503301998953».

Сондай-ақ, Beeline абоненттері «ОҢАЙ» картасын money.beeline.kz порталы арқылы толтыра алады. Ол үшін осы сайтқа кіріп, «ОҢАЙ ШОТЫН ТОЛТЫРУ» бөлімінде картаның нөмірін, ұялы телефон нөмірін, толтырым сомасын енгізу керек.

«Алматы Көлік холдингімен бірлесе жұмыс істеу клиенттер үшін бірегей және тиімді ұсыныстарды жасауға мүмкіндік беруде. Бүгіннен бастап, абоненттеріміз «ОҢАЙ» көлік карталарының теңгерімін өз мобильді теңгерімінен толтырудың тамаша мүмкіндігіне ие болды. Енді Алматы қаласының қоғамдық көлігімен жүру оңай әрі жеңіл бола түсті», — дейді Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметінің директоры Алексей Бендзь

2016 жылғы 11 қаңтардан бастап Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерде тек «ОҢАЙ» көлік картасын қолдану арқылы жүруге болатынын естеріңізге саламыз.

Бірыңғай көлік картасының құны 400 теңгені құрайды: оған бір жолақы – 80 теңге және 320 теңге кепілдік сома кіреді, кепілдік сомасы карта қайтарылған кезде қайта беріледі. Картаны қаланың кез келген жеріндегі «ОҢАЙ» танымдық жапсырмасымен белгіленген сату нүктелерінен, «ОҢАЙ» бақылаушыларынан және қоғамдық көлік жүргізушілерінен сатып алуға болады.

2016 жылы 11 ақпанда «ОҢАЙ» карталарынан 652 940 транзакция жасалды, жалпы сомасы 40 984 480 теңге.

Сонымен, Бірыңғай көлік картасымен 382 809 транзакция жасалды, жалпы сомасы 30 624 720 теңге.

  • 75 жастан асқан зейнеткерлерге арналған Әлеуметтік көлік карталары бойынша 11 137 транзакция жасалды, бұл карта бойынша жол жүру тегін.
  • 75 жасқа дейінгі зейнеткерлерге арналған Әлеуметтік көлік карталары бойынша 61 653 транзакция жасалды, жалпы сомасы 2 466 120 теңге.
  • Студенттік көлік карталары бойынша 155 018 транзакция жасалды, жалпы сомасы 6 200 720 теңге.
  • Оқушыларға арналған көлік карталары бойынша 42 323 транзакция жасалды, жалпы сомасы 1 692 920 теңге.

2016 жылғы 11 ақпандағы мәлімет бойынша 961 334 «ОҢАЙ» картасы берілді, олардың 403 599 картасы жеңілдігі бар көлік карталары 557 735 Бірыңғай көлік картасы сатып өткізілді.

money.beeline.kz төлем қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алған электронды ақша серіктес-операторларының және Қазақстан Республикасының өкілетті банктерінің қатысуымен ұсынылған.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24