Beeline Қазақстан бизнестің операциялық тиімділігін жақсартты, қызметтің құнын төмендете отырып, табыс пен мәліметтерді жолдау түсімі бойынша нарықтағы үлесін арттырды

2015 жылғы IV тоқсан Beeline-ның нарықтағы орындарын ұстап қалуымен, трафиктің және интернетті тұтынудың қарқынды өсуімен сипатталады. Есепті мерзімде, компания, табыстылығын арттырып, шығындарды тиімді басқаратынын және операциялық тиімділігінің өсіп келе жатқанын көрсетті. Оператор табыс бойынша нарықтағы үлесін арттырды және осы көрсеткіш бойынша нарықта көш бастады.

Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз пікірінде былай деп атап өтті: «Нарықтың құлдырап келе жатқанына және аса жоғары бәсекелестікке қарамастан, біз 2015 жылы табыс бюойынша және абоненттер бойынша нарықтағы үлесімізді сақтап қалдық. Келесі жылы мобильді қаржыны іске қосу, ойын-сауық контентін ұсыну, интернет-дүкендерді дамыту және функционалдық қосымшаларды құру тәрізді жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізе отырып, телеком-оператордан digital компанияға орнықты өзгеруімізді жалғастырамыз деп үміттенеміз. Біз 4G желісінің құрылысын бастадық және осы жазда оның коммерциялық пайдаланылуын бастауды жоспарлап отырмыз».

Негізгі көрсеткіштер

Компанияның табысы 32 694 млн. теңгені құрады. EBITDA көрсеткіші 13 714 млн. теңгеге тең, EBITDA табыстылығы жылдан жылға 1,7 п.п-ке өсіп, 41,9%-ды құрады. Клиенттер саны 9 млн 524 мыңды құрады. Күрделі қаржы шығындары жылдан жылға 24,3%-ға оңтайландырылып, инвестицияның тиімді басқарылуының нәтижесін көрсетті.

Нарықта екі ұзақ мерзімді тренд – қызметтер құнының төмендеуі және өткен жылмен салыстырғанда интернет-трафиктің екі есе өсуі байқалуда. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Beeline қызметтері 13%-ға қол жетімді бола түсті. 2015 жылғы қарашадан бастап, желтоқсан айын қоса алғандағы уақыт аралығында Beeline клиентінің орташа шоты 907 теңгені құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 1 041 теңгеге тең болған. Интернет-трафик екі еседен артық өсіп, 12,2 миллион мегабайтты құрады. Оған қоса, 1 абоненттің интернетті тұтынуы 2,2 есеге өсті. Орта есеппен Beeline клиенті айына 882 мегабайт мобильді интернет тұтынады.

Компанияның өсуінің негізгі драйвері – сымды интернет болды. Компанияның осы сегменттегі нарықтық үлесі мен түсімі артты. 2015 жылғы төртінші тоқсанда табыс 5,0%-ға артып, 1 940 млн теңгені құрады.

Өнімдер мен қызметтер

4-тоқсанда «Бәрі» тарифтік жоспарлары қатарының танымалдылығы жоғары болды, бұл тарифтік жоспарларда абоненттерге, басқа желілерге көптеген қоңырау соғу, желі ішінде шексіз сөйлесу және кез келген талғамға сай мобильді интернет топтамалары ұсынылады.

Компания трафик көлемін арттыруға және клиенттің қажеттілігіне қарай жеке топтамаларды таңдау мүмкіндігіне көңіл бөле отырып, мобильді интернет өнімдерін жаңартты.

Дәстүрлі түрде, қысқы демалыстар мезгіліне қарай «Жеңіл роуминг+» қызметінің аймағы және «Супервиза» бағыттары айтарлықтай кеңейді. Кеңею Гонконгты, БАӘ және Шри-Ланканы қамтыды және енді күніне небары 49 теңгеге барлық қызметтерді – кіріс және шығыс қоңырауларының минуттарын, SMS-терді және мегабайттарды 49 теңгеден алуға болады.

Бұдан бөлек, 2015 жылдың соңғы үш айында 40 мыңнан астам клиент кең жолақты интернеттің жаңа тарифтік ұсынысы «Әрдайым» тарифін таңдады. Жүктеу жылдамдығы жоғары, бағасы төмен және осы бағаны ұзақ жылдар бойы сақтап қалу мүмкіндігі бар қызмет, «Үйдегі Интернет» клиенттерінің талғамына сай болды.

Әлеуметтік үлес

Әлеуметтік жауапкершілік компанияның корпоративтік мәдениетінің маңызды элементі болып табылады. Beeline технологияның дамуы есебінен адамадарға жаңа мүмкіндіктер алуға мүмкіндік беретін жобаларға назар аударады. Жол басшы жобалардың бірі — «Шексіз мүмкіндіктердің» мәні — еліміздің барлық жеріндегі әртүрлі әлеуметтік мекемелерді интернетке қосу. Қазан айында Атыраудағы «Зағиптар қоғамының» кеңсесі, желтосанда Ақтөбе қаласындағы «Көру мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат-колледжі» қосылды. 2015 жылдың соңына жоба қатысушыларының жиынтық саны 15 әлеуметтік мекемеге жетті, 8 мыңнан астам балалар мен ересектер интернетке қосылды, соның ішінде айрықша қажеттілігі бар жандар да бар. Жұмыс істеген бір жарым жыл ішінде жобаның бюджеті 36 миллион теңгені құрады.

Интернет әр үйге қосылуда, оның саны мен маңыздылығы күн сайын артуда. Қазақстанда әлі көптеген адамдардың желіде жұмыс істеу дағдысы жоқ екенін және интернет беретін басымдықтарды пайдалана алмайтынын зерттеулер көрсетті. Осы мәселені шешу үшін, компания «Интернет Сіз үшін» жобасының серіктесі болды. Бұл жоба компьютерлік және интернет-сауаттылығы танымдық курстарын тегін ұйымдастыру арқылы, сандық теңсіздікті жоюға бағытталған. Жоба 400-астам адамды қамтыды.

Beeline-ның әлеуметтік жауапкершілігінің тағы бір бағыты – жоғары технология саласында жұмыс істейтін жас кәсіпкерлерді қолдау. Eurasia Mobile Challenge мобильді қосымшалар байқауы осы бағыттың жарқын жобасы болды. Байқауға қатысуға 7 елден (Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Армения, Қырғызстан) 550 команда өтініш берді. Қазылар 28 қаңтарда Мәскеуде өткен аймақтық ақтық байқауға қатысуға әр елден 3 команда іріктеп алды. Қазақстан командасы екінші орынды иеленді, енді 24 ақпанда Барселонада Дүниежүзілік Мобильді Конгресс аясында өтетін жаһандық байқаудың ақтық сынына қатысады.  


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24