Beeline интернетті тегін байқап көру мүмкіндігін ұсынады

Beeline Қазақстан мобильді интернетті қолданып көрмеген абоненттерге бағытталған бірегей науқанның басталғанын жариялайды.

«Интернетті байқап көр» науқанының аясында Beeline-ның жаңа және бұрыннан келе жатқан клиенттері 7 күн бойы мобильді интернетті тегін пайдалана алады. Ол үшін «777» қысқа нөміріне қоңырау соғып, дауыстық хабарламаны тыңдау арқылы, қызметті қосу жеткілікті.  

«Мобильді интернет адамдарға мол мүмкіндік береді, оларға жаңа әлем мен жаңа экожүйені ашады. Бірақ көптеген адамдар мұны қымбат әрі күрделі деп ойлағандықтан, интернетті қолданбайды. Бұл науқан осы кедергілерді жоюға, интернеттің барлық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсетуге бағытталған» — деп Beeline Қазақстан компаниясының Коммерциялық директоры Евгений Настрадин ашылу туралы өз пікірін білдірді.

«Интернетті байқап көр» қызметін тек Қазақстан Республикасының территориясындағы алдын ала төлем жүйесіне қосылған абоненттер қоса алады. Науқанға мобильді интернет қызметін бұған дейін қосқан абоненттер мен «Бәрі», «Бәрі қосылған», «Бәрі қосылған 2», «Сәтті», «Beeline Gold, Beeline Platinum», «Жеңіл лимитсіздік», «Үнемді лимитсіздік» тарифтік жоспарларының абоненттері қатыса алмайды. Науқанға тек бір рет қатысуға болады. Науқан 2016 жылдың 22 ақпанында басталып, 1 мамырға дейін жалғасады. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24