Beeline Тараздағы балалар үйіне интернет сыйлады

«Шексіз мүмкіндіктер» қайырымдылық бағдарламасының аясында, Beeline Қазақстан Тараз қаласындағы Қ. Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйін тегін интернетке қосты.

Қ. Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі – Жамбыл облысындағы осы саладағы жалғыз мемлекеттік мекеме. Өмірге және өсуге қолайлы орта қалыптастыру мақсатында, тәрбиеленушілер – көп балалы отбасылар тәрізді әртүрлі жастағы 8-10 баладан тұратын топ-топ болып өмір сүреді.

«2007 жылдан бастап, біздің барлық 113 түлегіміз ЖОО мен колледждерге оқуға түсті. Мұндай елеулі нәтижелерге, біз, балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың арқасында қол жеткіздік: балалар үйінде спорт және би үйірмелері, қолданбалы өнер, ағылшын тілі, бейнелеу өнері үйірмелері бар. Енді компьютер сыныптары ұшқыр интернетпен жабдықталды, бұл дегеніміз, балаларымыздың білім алуы мен өзін-өзі сәтті дамытуына бұрынғыдан да көп мүмкіндік ашылғанын білдіреді», — деп Қ. Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің директоры Айжан Мейрханова өз ойымен бөлісті.

«Интернет – өмірге жолдама беруге қабілетті, әлеуетті танымдық ресурс. Ол барлық балалар үйінде, балалардың әрбір әлеуметтік мекемесінде болуы тиіс. Жаһандық желінің арқасында бүгінгі балалар кішкене күнінен әлеуметтену дағдысын алады, көптеген қызықты әрі пайдалы ақпараттарға, онлайн-ресурстарға қол жеткізеді, ол жарқын болашақты таңдауда көп жәрдем береді. Балаларға даму жолында тең мүмүмкіндік беру – біздің қайырымдылық жобасының басты мақсаты және бүгін бірнеше ондаған жас қазақстандыққа «Шексіз мүмкіндік» сыйлағанымызға қуаныштымын», — Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз пікірін білдірді.

Beeline Business корпоративтік брендінің «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік бағдарламасы 2014 жылы шілдеде басталды. Қайырымдылық бастамасының аясында, Павлодар, Алматы, Шымкент, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе және Тараз тәрізді Қазақстанның 12 қаласындағы әлеуметтік мәртебесі бар 16 мекеме тегін ұшқыр интернетке қосылып, қолдануда. Жоба Қазақстандағы Vimpelcom тобының «Make Your Mark» (Ізіңді қалдыр) жаһандық әлеуметтік бастамасының жолбасшысы болып табылады. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24