Beeline Қазақстан 4G желісін іске қосады

Beeline Қазақстан Алматы, Орал және Ақсай қалаларында сынақтық LTE (Long Term Evolution) желілерінің іске қосылғанын хабарлайды. Бұл Beeline клиенттеріне, жылдамдығы секундына 75 Мегабитке дейін жететін 4G интернетке қосылып, қолдану мүмкіндігін ұсынады

Төртінші буын желісінің алғашқы таралымы бірден үш қалада – Алматыда, Оралда, Ақсайда қазір қолданылып жүрген жиілікте ашылды. 2016 жылдың екінші жартысында Қазақстанның көптеген ірі қалаларында коммерциялық іске қосылулар болады деп жоспарлануда.

Қазіргі кезеңде, 4G желісіндегі мобильді интернеттің тарифтелуі 3G желісіндегідей, яғни клиенттер үшін әдеттегі негізде жүзеге асырылады. Мобильді интернеттің қолданылып жүрген барлық өнімдері мен қызметтерін 4G желісінде қолдануға болады, қосымша қызметтерді қосу қажет емес.

Алматыда 4G желісінің таралымы қаланың тарихи орталығын қамтиды. Ол Горький саябағынан Әуезов көшесіне дейін, Рысқұлов даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін жайылған. Орал мен Ақсайда жүйрік 4G интернет қаланың барлық аумағын қамтиды.

Beeline-ның 4G желісін сынақтан өткізуге қатысу үшін, жаңа USIM карта сатып алу қажет немесе Сату және қызмет көрсету кеңселерінде, «Азбука Связи» салондарында ескі SIM картаны USIM картаға ауыстыру қажет. Бұдан бөлек, смартфонның 4G стандартын қолдау мүмкіндігін тексеру керек және құрылғының LTE стандартын қолдайтынына көз жеткізу керек. Мұны Beeline сайтында https://www.beeline.kz/ru/info_pages/info_page1 сілтемесі арқылы немесе компанияның кеңселерінде жасауға болады.

«Бүгін ілгерілеу алдыға қарай тағы бір үлкен қадам жасады және жақын жылдарда бұл адамдардың өмірін өзгертеді. Интернеттің мұндай жылдамдығымен біздің қалаларымыз жақын уақытта цифрлы болады, телемедицина қарқынды дамиды, ал тоңазытқыш азық-түлікке өзі тапсырыс бере алатын болады. Біз 4G желісін жасаудамыз, осы жылы еліміздің көптеген тұрғындарына жаңа жылдамдық қуанышын сыйлаймыз», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз пікірін білдірді. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24