Beeline Қазақстан жылдамдығы жоғары сымды интернеттің құнын төмендетті

Beeline Қазақстан қазақстан нарығындағы жылдамдығы жоғары сымды интернеттің ең қол жетімді құны бар тарифтік жоспарлары қатары іске қосылғанын хабарлайды.

«Әрдайым» тарифтік жоспарларының қатары үйдегі интернеттің классикалық жылдамдық параметрлерінің артуымен ерекшеленеді, жылдамдық өрбуі — 20, 40, 80 және 100 Мбит/сек дейiн. Қолданушылар 2015 жылы қарашада іске қосылған ұсыныстың лайықты бағасын берді, — әрекет еткен барлық мерзімде тарифтік жоспарға 50 мың абонент қосылды.

Көктемгі бастамалар шеңберінде, жылдамдығы 80 және 100 Мбит/сек дейiн құрайтын «Әрдайым» тарифтік жоспарларының құны төмендетілді, ал ұсыныс шарттары интернет құнын «Үйдегі Интернет» қызметін қолданған барлық уақытта сақтап қалуға мүмкіндік береді.

«Біз 2009 жылы алдыңғы қатарлы көпталшықты технологиямен нарыққа келіп, сымды интернет нарығының монополиялық үлгісін бұздық. Бәсекелестер бір орында тұрып қала алмады, интернет жылдамдығының жаңа параметрлеріне жету жарысына түсті, нәтижесінде 100Мбит/сек дейiн жылдамдыққа қол жеткіздік. Қазір тағы бір трендті бастауды және жылдамдығы жоғары интернетті барлық қолданушыларға қолжетімді болатындай етуді жоспарлап отырмыз. Сол үшін біз, «Әрдайым» тарифтік жоспарлары қатарының жылдамдығы жоғары ұсыныстары құнын төмендеттік. Бұл қадам нарыққа әсер етеді және одан қолданушылар өз үлесін алады деп үміттенеміз», — деп «2Day Telecom» (Beeline СБ) ЖШС-нің Коммерциялық директоры Сергей Нищев атап өтті.

2016 жылғы 5 наурыздан бастап әрекет ететін, жаңартылған «Әрдайым» тарифтік жоспарларына «Үйдегі Интернет» қызметінің барлық қолданушылары қол жеткізе алады. Шарттар желі таралған барлық аймақта, Ақтау қаласынан басқа жерде, әрекет етеді. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24