8 наурызда Beeline клиенттері жүктеу бойынша Жаңа Жыл рекордын 15 есе жаңартты

Жетекші data-оператор 2016 жылы 8 наурызда Beeline Қазақстан желісінде мәліметтерді жолдау көрсеткіштері жаңа жыл түні қорытындысынан 15 есе асып түскенін баяндайды.

Мобильді интернет

2016 жылы 8 наурызда трафик көлемі 1934,3 терабайтты құрады, бұл жаңа жыл түні көлемінен 15 есе көп (2015 жылы 31 желтоқсанда трафик көлемі 126,8 терабайтты құрады) және бұл өткен жылмен салыстырғанда 866,2 терабайтқа артық (2015 жылы 8 наурыздағы трафик көлемі 1068,1 терабайтты құрады).

Дауыстық қызметтер

2016 жылы 8 наурызда дауыстық қызметтердің ұзақтығы өткен жылмен салыстырғанда 2 000 921 минутқа артып, 184 944 114 минутты құрады (8.03.2015 жылғы дауыстық қызметтердің ұзақтығы — 182 881 193 минут).

Мәтіндік хабарламалар

Халықаралық әйелдер күнінде Beeline Қазақстан абоненттері 5 147 288 SMS хабарлама жолдады.

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметінің директоры Алексей Бендзь көрсеткіштер туралы өз пікірін былай білдірді: «Бұл рекордтар қазақстандықтардың қыздарымызға, аналарымызға, әжелерімізге сүйіктілерімізге деген шексіз махаббатын көрсетеді. 8 Наурыз – басты мейрамдардың бірі. Бұл көктемнің бастауы, жаңару мен гүлдену кезеңі. Ал біз мейрамның ойдағыдай өтуі үшін және сөйлесуден барлығы мүмкіндігінше ләззат алуы үшін, бәрін жасаймыз». 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24