Beeline робот пен адам арасындағы шекараны жояды

Beeline Қазақстан компания сайтындағы клиенттерге қызмет көрсету қызметінің инновациялық жақсартулары туралы хабарлайды. 2016 жылғы ақпаннан бастап қызмет жаңартылды – шынайы адамдар жауап беретін чат пен Дана роботы біріктірілді.

Үш жылдан артық уақыт Beeline-да Дана атты виртуалды кеңесші жұмыс істейді, ол клиенттерге beeline.kz сайтында өз мәселелерін шешуге көмектеседі. Егер робот қолданушының сұрағына жауап бере алмаса, сол терезеде әңгімеге клиенттерге қызмет көрсету орталығының операторы қосылып, мәселені шешуге көмектеседі және бұл үдеріс қолданушыға білінбей жүреді.

Дана ай сайын клиенттерге көмектесе отырып, 15 мыңнан астам сұраққа жауап береді.

«Компаниямыздың стратегиясы клиенттерге қызмет көрсету сапасын үнемі жақсартып отыруды қарастырады. Компаниямыздың қызметтерін қолдану клиенттерге жайлы болуы үшін, клиенттердің кез келген мәселесі ең қысқа уақытта шешілгені біз үшін маңызды, Дана тәрізді кемел роботтың өзі кейбір мәселелерді шеше алмайды, жаңа қызмет клиенттерге қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін алуға мүмкіндік береді», — деп Beeline Қазақстан компаниясы Қызмет көрсету және клиенттік тәжірибе дирекциясының директоры Виталий Индин өз ойымен бөлісті.

Beeline компаниясы өзіне өзі қызмет көрсету арналарын тұрақты түрде жетілдіріп отырады, яғни кез келген клиент компанияның сайтында тарифтер мен қызметтер туралы жан-жақты ақпарат ала алады. Жеке кабинет пен мобильді қосымша өте ыңғайлы және түсінікті бола түсті, олардың көмегімен қызметтерді оп-оңай қосып, шығындарды басқаруға және тиімді тарифті таңдап, теңгерімді толтыруға болады.

Дана роботы Beeline Қазақстан компаниясының сайтында 2013 жылғы қаңтардың басында пайда болды. Дана – жарасымды іскерлік костюм киген және жұмысында сәнді гаджеттерді қолдана алатын жас қыз; ол жеке тұлға тәрізді өзі туралы айтып бере алады. Дананың бейнесінде Beeline-ның фирмалық стилінің элементтері бар және қара-сары түстер үйлесімінде бейнеленген. Әр мерекенің қарсаңында Дана өз киімін өзгертеді: Наурызда ұлттық киім киінсе, 9 мамырда пилотка киеді, ал Жаңа жылда – үстел үстінде шырша тұрады. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24