Енді «Altel» SIM-карталарындағы ЭЦҚ Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына қолжетімді болды

Бүгін 16-наурызда Шығыс Қазақстанда ХҚКО-дан жаңа жоба іске қосылды. Енді біздің аймақтық тұрғындары да SIM-карталарында мобильдік ЭЦҚ-ны қолдана алады, демек «egov.kz» мобильдік қосымшаларының көмегімен түрлі мемлекеттік қызметтерді алу тиімді және жылдам.

Бұл жоба өткен жылдың қыркүйек айында жүзеге асырылған болатын. Ол кезде электронды-цифрлық қолтаңбаны тек Астана мен Алматы қалаларының «Altel» абоненттері ғана SIM-картаға жаздыра алатын. Кейінірек бұндай мүмкіндікке ШҚО, сондай-ақ Павлодар және Қарағанды облыстары ие болды. Ақпан айында бұл жобаға тағы бір ұялы оператор — «Beeline» Алматы мен Астанада қосылды. Енді бұл қызмет ШҚО тұрғындарына да, Ақмола, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан тұрғындару үшін де қолжетімді.

- Біз бұл жобаны бүгін ғана іске қостық, SIM-карталарды клиенттер әзірге алып жатқан жоқ, бірақ біз кеше барлығын дайындап қойдық: SIM-карталарды алдық, тестілеуден өткіздік – дейді «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының сервистік жетілдіру маманы Анар Алипова – Бұл шынымен де өте ыңғайлы. Ең бастысы аталған қызметке келісімге отыру өте жылдам. Ол үшін ХҚКО-ға келіп, Connection point арқылы тіркеуден өтіп, бар болғаны 200 теңге тұратын SIM-картаға ие болу керек және келісімге отыру қажет. Барлық шараға шамамен 20 минут уақыт кетеді.

Естеріңізге сала кетсек, SIM-картадағы ЭЦҚ-ны қолдану арқылы азаматтар мекенжай анықтамаларын, жылжымайтын мүліктің бар (жоғы) жайлы анықтамаларды, зенетақы қоры жайлы анықтамаларды және басқа да қызмет түрлерін «egov.kz» мобильді қосымшасы арқылы алуларына болады. Болашақта SIM-картадағы мобильді ЭЦҚ көмегімен қолданушы қажетті қызметтерін «электронды үкімет» веб-порталы арқылы, тіпті батырмалы ұялы телефон арқылы интернетсіз және мобильді қосымшасыз-ақ алуына мүмкіндік туады.

Бүгінде, жобаны іске қосқан сәттен бастап, 602 қызметалушы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы SIM-картаға ЭЦҚ жаздырған. Жоспарда — қызметтер ауқымын кеңейту және басқа да ұялы байланыс операторларын жобаға қосу.

ШҚО-да қызметті келесі мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қ. Белинский көшесі 37 а. 

Алтел


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24